Жаңалықтар

Жаһандық басқару: ресурстар мен легитимділік шегі

Соңғы жылдары әлемдік өзара қарым-қатынас жүйесі дамудың жаңа фазасына өтіп жатқаны анық байқалуда. Көз алдымызда геосаяси, геоэкономикалық, халықаралық және трансұлттық байланыстардың құрылымы өзгеріп жатыр. Бұл ретте, ХХ ғасырдың соңында түсіндірілген мағынада, жаһандану мемлекетаралық және экономикаралық байланыстардың күрделі әрі өзгермелі көрінісін қайта құрудың тек элементі болып табылады. 

Бүгін Академия магистранттарына жаһандық басқару мәселелерін түсінуге жаһандану саласындағы белгілі маман, Гетеборг университеті Жаһандық зерттеулер мектебінің (Швеция) профессоры, доктор Ян Аарт Шольте (Jan Aart Scholte) көмектесті.

Доктор Шольте жаһандану бойынша бірқатар кітаптардың авторы болып табылады. Былтырғы жылы тең авторы болып табылатын, «Legitimacy in Global Governance: Sources, Processes and Consequences» атты жаңа кітабы жарыққа шықты.

Оның Академия магистранттары үшін дәрісі де осы тақырыпқа арналды.   «Legitimacy in Global Governance: Sources, Processes and Consequences» кітабының бір данасын доктор Шольте Академия кітапханасына табыстады.


Your browser does not support SVGs