Жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ»

Бүгін Академияның Жамбыл облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар басталды.

Семинардың ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Академия ректоры Ерлан Әбіл Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығының басшысы Анар Есенгельдина қатысты.

«Мемлекет басшысы 10 ұлттық жобаның тізбесін бекітті. Олар Ұлттық даму жоспарының Жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданды.

Мемлекеттік аппаратқа қоғам өмірінің барлық салаларында қайта құрулар өткізуші маңызды рөл беріледі. Мемлекеттік бағдарламалардың табысты іске асырылуы нақ мемлекеттік қызметшілерге байланысты. Оларға қойылатын басты талап – қоғам игілігі үшін елеулі нәтижелерге қол жеткізу. Жамбыл облысында 4887 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.  Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 41 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы барлығы 727 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған, оның ішінде 599 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті. Қабылданған шаралар мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен айқындығын, мемлекеттік аппараттың сабақтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деп облыстағы мемлекеттік қызметшілердің саны мен сапасын атап өткен Бердібек Сапарбаев, семинардың сәтті әрі тиімді өтуін тіледі.

«Ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы бекітілді, оның шеңберінде әкімшілік-бақылау бағдарынан мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылының сервистік моделіне көшу жүзеге асатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мемлекеттік басқаруда жобалық тәсілді енгізу бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, ұлттық жобалардың тізімі бекітіліп, мемлекеттік органдардың жобалық офистерін құру туралы шешім қабылданды. Мұның бәрі мемлекеттік қызметкерлер түрлі бастамаларды іске асыру кезінде жобалық менеджмент құралдарын қолдануы үшін жасалуда. Жобалық менеджменттің мәні – ең аз шығынмен жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім әзірлеу», – деді сөз алған Академия ректоры Ерлан Әбіл.

Семинар 19 қарашада аяқталады. Анар Есенгелдина секілді  жобаларды басқару саласындағы ҚР СТ ISO Ұлттық стандарты бойынша тренер-кеңесші, аккредиттелген тренердің тыңдаушылары ҚР СТ ISO 21500-2014 «жобаларды басқару бойынша басшылық» ұлттық стандарты бойынша сертификаттау семинарының сынағынан өтеді.


Your browser does not support SVGs