«Жаңа формация басшысы» саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бағдарламасының ашылуы 22 тамыз күні болды.
Бағдарлама мақсаты – Саяси мемлекеттік қызметшілердің құзыретін жетілдіру, халықтың өмір сүру сапасын және елдің әл-ауқатын арттыру бойынша Ұлттық жобалардың жүзеге асырылу деңгейін жоғарлату. «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы тыңдаушыларының құзыретін жетілдіру мақсатында оқыту практикалық кейстердің негізінде өтеді. Қайта даярлау бағдарламасын жүзеге асыру келесі құзыреттерді қалыптастыру және дамытуға бағытталатын болады: жаһандық көзқарас, тиімді коммуникативті дағдылар, стратегиялық ойлау және көшбасшылық. Оқыту нәтижелерін қолдану үшін қортынды жобалар Ұлттық жобаларды жүзеге асыру мониторингі бойынша кеңсесіне жолданатын болады.
Бағдарламаның тыңдаушылары: саяси мемлекеттік қызметшілер (салалық вице-министрлер, еліміздің облыс және қалаларының әкім орынбасарлары).
Академия ректоры Ерлан Әбіл даярлау курстары үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқанын айтап өтті:
«Мемлекеттік қызметкерлер қайта даярлық курстарынан үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Биыл 50 саяси және әкімшілік қызметкері қайта даярлықтан өтуге шақыртылды. Бұл курстар Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті қайта жаңғыртуға қатысты тапсырмаларына сай өтеді».
Атап өтейік, 22 тамыз бен 4 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен «Жаңа формация басшысы» саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары өткізіледі.