Жаңалықтар

Жаңа формациядағы 50 басшы  Мемлекеттік басқару академиясында білім алуда: саяси қызметкерлерге не үйретуде?

Жаңа формациядағы 50 басшы  Мемлекеттік басқару академиясында білім алуда: саяси қызметкерлерге не үйретуде?

Жоғары буынның 50 басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында “Жаңа формациядағы басшы” бірегей бағдарламасы бойынша білім алуды жалғастыруда. Курс тыңдаушыларының арасында вице-министрлер, облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім басшылары, сондай-ақ Президент жастар кадр резервінің резервистері де бар.

Саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған білім беру бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Назарбаев Университеттің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі жүзеге асыруда.

Аталмыш бағдарлама негізгі қызметтен қол үзбей, 10 апта көлемінде онлайн оқуды көздейді және қатысушылардың «Жаһандық көзқарас», «Тиімді коммуникациялар» және «Трансформациялық көшбасшылық» сынды құзіреттіліктердің үш негізгі блогы бойынша әлеуетін арттыруға бағытталған.  Онлайн-платформалардың кең мүмкіндіктері арқасында сабақтар стратегиялық сессиялардан, интерактивті пікірталастар мен тренингтерден бастап кейс-стади және шағын топтардағы жұмысқа дейін түрлі форматтарда өтуде. Тақырыптардың бірі бойынша бір апталық модуль аяқталғаннан кейін қатысушылар шағын топтарда бір апта ішінде жасаған және олардың қызметтерінде іс жүзіне асырылуы мүмкін жобаларды қорғайды.

Оқудың алғашқы 6 аптасында тыңдаушылар басқару технологиялары, дизайн-ойлау, эмоционалды интеллект және кқшбасшылық, коучинг және менторлық көмек, дағдарыстық коммуникациялар бойынша курстардан өтті. Сабақты отандық  жетекші бизнес-жаттықтырушылар мен Мемлекеттік басқару академиясының коучтері өткізді, олардың ішінде ҚР Президентінің жанындағы МБА-ның ректоры  Ерлан Әбіл, CREATA консалтингтік компаниясының директоры Давид Туганов, ICU-ның Қазақстандағы, Орта  Азиядағы және БАӘ  өкілдігі орталығының басшысы, мастер-коуч Ғалия Бағдат, «Ника» шешендік өнер орталығының басшысы Меруерт Жүнісбек, журналист, теле- және радиожүргізуші Махаббат Есен, шешендік өнер және коммуникациялар жөніндегі жаттықтырушы Жанна Ибраева бар.

Оқудың маңызды модульдерінің бірі «Басқару технологиялары» болып табылады, оның аясында басшылар Agile тәсілдемемен, Scrum үрдіспен, тәуекелдерді және өзгерістерді басқару әдістерімен, жобалық менеджментпен танысады. Ағымдағы жылдың 12-16 қазан аралығында Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл аталмыш модуль бойынша тренинг өткізді, онда жобалық менеджментті мемлекеттік басқаруда қолдану механизмдері қарастырылды.

«Әзірленіп жатқан мемлекеттік басқару тұжырымдамасының идеологиясы әкімшіліктендіруден сервистік үлгіге өтуге бағытталған, жобалық басқарудың көмегімен жүйелік реформаларды жүзеге асыру да, мемлекеттік органдардың өзінде басқаруды жақсарту да мүмкін болмақ. Жылдам өзгермелі әлемде жобалық менеджмент мемлекеттің стратегиялық міндеттерін шешудің және біздің азаматтарымыздың игілігі үшін соңғы нәтижелерге жетудің тиімді құралдарының бірі болып табылады», – деп атап өтті Ерлан Әбіл.

Мемлекеттік басқару Академиясында оқытудың жаңа әрі тиімді бағыттарының бірі – «Коучинг және менторлық көмек» қатысушылардың арасында үлкен қызығушылық тудырды, себебі трансформациялық көшбасшылық бойынша құзіреттіліктерді қалыптастыруда және дамытуда негізгі компонент болып табылады және басшылардың қызметін ұйымдастыруға және ұжымды басқаруға көмектеседі. Оқу блогы тыңдаушыларды трансформациялауға, олардың әлеуетін ашуға, басшылардың құндылықтары мен сенімдерін анықтауға, қоластындағы қызметкерлермен конструктивті диалог орнатуға, тұрғындармен сенімді қарым-қатынас құруға, қызметкерлерді коучингтік құралдар мен тиімді қызметті ұйымдастыру техникалары арқылы ынталандыруға және коучингтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Бір апталық «Дизайн-ойлау және адамды басшылыққа алу» блогы мемлекеттік қызметшілердің нақты қызметтік мәселелерін шешу үшін дизайн-ойлаудың принциптерін қолдануға, мемлекеттік құрылымдарға инновациялар енгізуге, инновациялар мәдениетін қалыптастыруға және адамды басшылыққа алатын әдістерді енгізуде мемлекеттік орган басшыларының рөлін арттыруға арналды. Бизнес-жаттықтырушы Давид Тугановтың айтуынша, бұл әдіснаманың негізгі артықшылығы оның адамға бағдарланғандығы және жобаны ауқымды қаржылық және уақыт шығындарынсыз барынша аз тәуекелдермен жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігінде, себебі мемлекеттік бағдарламаны/жобаны/бастаманы жасау/құру деңгейінде азаматтардың қажеттіліктерін ескереді. Жобалық оқытудың 5 күні ішінде қатысушылардың 7 тобы азаматтардың арасында сауалнама жүргізіп, проблемалар мен олардың шешімдерінің реестрін қалыптастырды және нәтижесінде 7 прототип құрды, олардың бір бөлігі курс аяқталғаннан кейін бірден жүзеге асыруға қабылданды.

Бүгінгі таңда ең өзекті және аудиторияның сүйікті білім беру блогының біріне айналған «Дағдарыстық коммуникациялар» жөніндегі тақырып болды. Онда дағдарыстарды басқарудың жаңа және тиімді құралдары (абырой тәуекелдерін болжау,  ақпараттық шабуылдарға жауап беру алгоритмдері, заманауи топ психологиясы және оны басқару әдістері  (онлайн және оффлайн),  дағдарысқа қарсы сценарийлер құру, қарастырылды, сондай-ақ мемлекеттік саясатты трансляциялау және қоғамда дағдарысқа қарсы жағдайларды реттеу үшін тиімді коммуникация дағдыларын дамыту бойынша тәжірибелік кейстер қолданылды.

 «Кейде біздің сөздеріміз ресмилікке, қабылдауға және түсінуге қиын сөздерге толып кететіні жасырын емес. Алайда, барлық рангтегі мемлекеттік шенді ең әуелі адам екендігін, содан кейін ғана мемлекеттік қызметші екендігін,  демек, оның тілі де, жазған хаты да қарапайым әрі түсінікті боуы тиіс екендігін есте ұстау қажет. Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы тек есту және тыңдау қабілетінен ғана емес, сондай-ақ дұрыс сөйлей білу және басты месседждерді түсінікті етіп жеткізуден танылады. Мұның бәрі, әлбетте, дағдарыстық коммуникациялардың негізінде жатыр», – дейді көпшілік алдында сөйлеу бойынша  бизнес-жаттықтырушы Жанна Ибраева.

Алда әлі мемлекеттік саясатты әзірлеудің негізгі облыстары бойынша дағдыларды арттыруға, мемлекеттік басқарудағы соңғы тенденциялармен және инновациялармен  танысуға, мемлекеттік сектордағы сценарлық жоспарлауға және перспективалық ойлауға бағытталған 4 қарқынды оқу аптасы бар. Оқудың екінші блогын тыңдаушылар Назарбаев Университеттің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде өтеді.

10 апта өткеннен кейін Президент Әкімшілігінің, ҚР МҚІА және т.б. қатысуымен қорытынды конференция өткізу жоспарлануда.

БАҚ үшін:
Тел: +77029118907, e-mail: a.berlibay@apa.kz
БерлибайАкерке, Пресс-секретарь АГУ при Президенте РК


Your browser does not support SVGs