Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған заманауи мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптарға жауап беретін басшыларды даярлау жөнінде тапсырма берді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында әкімшілік-бақылаушылық бағдарланудан басты құндылықтары адам мен оның әл-ауқаты болып табылатын мемлекет пен халықтың өзара әрекеттесуінің сервистік моделіне көшу бойынша мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құрудың маңыздылығын атап өтті.
19 сәуірде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, жоғары буын басшыларына арналған «Жаңа формация басшысы» қайта даярлау бағдарламасын іске қосты.
Аталмыш бағдарламаның мақсаты саяси және мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық және кәсіби құзіреттіліктерін дамыту, сондай-ақ мемлекеттің 2025 жылға дейінгі басым бағыттарын іске асыру бойынша жобаларды әзірлеу болып табылды.
Бүгін жоғары буын басшыларына арналған «Жаңа формация басшысы» үш айлық қайта даярлау бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Бағдарлама мемлекеттік басқарудың соңғы әлемдік трендтеріне сәйкес әзірленді. 3 ай бойы 76 мемлекеттік қызметші саясатты әзірлеу, сценарлық жоспарлау және перспективті ойлау, жобалық менеджмент, цифрлық көшбасшылық, дизайн-ойлау өнері мен ғылымында өз құзіреттіліктерін арттырды; мемлекеттік саясаттағы мінез-құлық инсайттарын, заманауи коммуникация технологияларын және т.б. зерделеді.
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы» Жарлығына негізделе отырып, тыңдаушылар төмендегідей бағыттар бойынша еліміз үшін маңызды тақырыптарға арналған 9 жобаны әзірледі:
- Азаматтардың әл-ауқаты;
- Институттардың сапасы;
- Қуатты экономика.
Азаматтардың әл-ауқаты
1️ Қазақстандықтардың нақты табысын 2019 жылғы деңгейден 27%-ға арттыру (2025 жылға дейін);
2️ Қазақстан халқының өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру;
3️ Университеттердің QS-WUR ТОП-200 әлемдік рейтингісінде кемінде 3 қазақстандық ЖОО-ның болуы.
Институттардың сапасы
1️ Зейнетақы жүйесін жетілдіру;
2️ Мемлекеттік бюджетті транспаренттік негізде қалыптастыру және бөлу арқылы азаматтардың сенімін арттыру;
3️ Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруды жақсарту.
Қуатты экономика
1 Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау тәсілдерін жетілдіру;
2 МӘМС аясында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3 Түркістан облысының ауылды жерлерінде шағын және орта бизнесті дамыту.
Жобалар презентациясында қатысушылар негізгі стейкхолдерлермен бірге жобаларды жүзеге асырудың, мақсаттарға жетудің мүмкін болар жолдарын анықтады.
«Жаңа формация басшысы» қайта даярлау бағдарламасы саяси және мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық және кәсіби құзіреттіліктерін дамытып қана қоймай, сондай-ақ оларға мемлекеттік міндеттерді тиімді шешу үшін горизонтальді байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Тыңдаушылар алынған білімнің маңыздылығын, сабақтардың қызықты өткендігін, олардың жоғары сапасы мен нетворкингтің пайдалылығын атап өтті.