Академияда мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту мақсатында нақты жобаларды одан әрі іске асыру үшін идеяларды іріктеу жалғасуда. Бүгін Идеялар фабрикасы: «Memlekettik qyzmet: quick wins» екінші брейнстормингі өтті. Айта кету керек, бірінші брейнстормингте ұсынылған кейбір идеяларды іске асыру басталып кетті.
Осы брейнстормингте «PROFESSIONAL GOV 4.0», «Болашақ мемлекеттік қызметші мектебі», «Мемлекеттік қызметшілерге арналған HR форум», «Мемлекеттік қызмет + азаматтық сектор = тиімді басқару», «Аудиокітаптар» идеялары ерекше қызығушылық тудырды.
«PROFESSIONAL GOV 4.0» жобасы «PROFESSIONAL GOV 4.0» интерактивті веб-порталын жасауға бағытталған, ол 5 модульден тұрады: онлайн-оқытуға арналған алаң, онлайн-тәлімгерлікке арналған алаң, онлайн-трансляциялауға арналған алаң, цифрлық білім беру ресурстары, қосалқы ресурстар (НҚА, презентациялар шаблондары, құжаттардың бланктері мен үлгілері және басқа да ресурстар);
«Болашақ мемлекеттік қызметші мектебі» қайта даярлау курстарында оқыған сәттен бастап басшылық лауазымға тағайындалғанға дейін мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуін кәсіби сүйемелдеуге бағытталған;
«Мемлекеттік қызметшілерге арналған HR форумы» мемлекеттік қызметшілерге арналған ұзақтығы 1 күн болатын жыл сайынғы HR форумын өткізу жолымен орталық және жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметтерінің қызметкерлері үшін еркін платформа құруды жоспарлайды.
«Мемлекеттік қызмет + азаматтық сектор = тиімді басқару» идеясының негізгі мақсаты өзара іс-қимылды кеңейту және азаматтық секторды, бизнесті басқару шешімдерін қабылдауға тарту үшін орта құру болып табылады.
«Аудиокітап» өз қызметін жетілдіруге арналған жаңа үдерістік тәсіл болып табылады. Цифрландыру ғасырында және өмірдің жылдам қарқынында, біз кітаптарды немесе пайдалы ақпаратты оқу үшін уақыт жетіспейтіндігін сезінеміз. Осы жобаның арқасында азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті істерін жасау мен аудиокітаптарды тыңдауды қатар ала отырып, өз білімдерін толықтыра алады.
Сондай-ақ, брейнстормингте әр ниет білдірушіге бір минут ішінде өз идеясын дайындауға және таныстыруға мүмкіндік берілді.