25 жылЖаңалықтар

Жақсылық жасап: Мемлекеттік басқару академиясы көп балалы аналарға коучинг өткізді

Академия өзінің 25 жылдық мерейтойында ардагерлерді, көп балалы отбасыларды, белгілі бір қажеттіліктері бар адамдарды және жастарды қолдауға бағытталған 25 әлеуметтік жобаны жүзеге асырады. Осындай жарқын әлеуметтік жобалардың бірі – өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласында және Академияның өңірлік филиалдарында 25 көп балалы анаға кәсіби 25 коуч бір сәттік коучинг өткізді.

Коучинг – бұл адамның қиындықтарды жеңуге, қалаған мақсатқа жетуіне көмектесетін және ол үшін ең жақсы болатын шешімдер, жолдар, қадамдар табуға көмектесетін технология. Аналарға арналған коучинг-сессия 30-60 минутқа созылды. Сессия кезінде коучтар аналармен диалог құрып, оны тыңдап, нақтылап, сұрап, байқап, ой жинақтап, елестетуді ұсынды. Коуч – бұл психолог емес, «дұрыс сұрақтар» қою арқылы клиентке жаңа мүмкіндіктерді, оның міндеттерін шешу үшін ең жақсы нұсқаларды табуға, әрекет етуге шабыттандыруға, нақты жоспарды белгілеуге, қалағанды іске асыру қадамдарын көрсетуге көмектесетін оқытылған маман екенін айта кеткен жөн.

Қатысушы-аналармен дәл осылай өтті. Нәтиже бар күткен нәтижелерден де асып түсті! Көптеген аналар сессиядан кейін алға мақсаттар қойып қана қоймай, сонымен қатар қорқынышсыз, сенімді әрі қарай әрекет ету және бұл үшін не істеу керек екені жайында ой қалыптасқанын айта өтті!

«Күш-қуатым арта түскендей, барлығын жасап, оларды аяғына дейін сәтті жеткізгім келеді».

«Бұған дейінгі басымдағы барлық күйбең проблемалар реттеліп, жүзеге аспай қалады-ау деген қорқыныштан арылдым».

 «Көп мәселелерді нақты әрекеттер жоспарын жасап, оның шешілу жолдарын ойластырып шешуге болады. Барлығы да өз қолымда!».

Коучтардың жұмысы осымен ғана аяқталған жоқ. Коучтар мен аналар телефон нөмірлерімен алмасып, сұрақтар туындаған жағдайда одан әрі кеңес беру туралы келісіп алды.

ICU коуч мастері, ICU коучинг бойынша сертификатталған тренер, Қазақстан Коучинг орталығының басшысы Ғалия Нұрбекова «Қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға қазір нақты көмек пен жеке көзқарас қажет. Ал коучинг – бұл ең экологиялық әдіс, яғни біздің «ішкі экологиямызды» бұзбайтын әдіс, біздің өзімізге деген сенімімізді, шешім табу және іздеу қабілеттілігімізді бұзбайтын әдіс», – деп атап өтті.

Коучтар командасын халықаралық деңгейдегі ICU-дің сертификатталған коучтары құрады, олардың ішінде Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары мен қызметкерлері де бар. Сессия соңында коучтар өз әсерлерімен бөлісті:

«Мен жұмыс істеген апа да риза болып қайтты. Бастапқыда бәрін тек бір ақшаға тіреп қойып отырды. Алайда, сессия соңында ол өзінің немересіне (мүмкіндігі шектеулі) өз арманына қол жеткізуге көмектесудің жаңа мүмкіндіктерін таба алды және осының арқасында оған қоғамға кірігуге мүмкіндік берді. Мысалы, жазғы демалыста қыз музыкалық мектепке барады, онда жүлделер, грамоталар және шағын сыйлықтар берілетін концерт өткізіледі. Жұрттың балалармен салыстырудың, жақсы бол балам деп жай ғана жалпы қолдау сөздерінің орнына, әже жылы әрі ынталандыратын сөздер айта білді. Бұның барлығына ол өзі қол жеткізді. Соңында ол «Балам бұл оп-оңай дүние. Менің жан дүниемдегілерді шығарып, өз ойларымды реттей алдым», – деген ойымен бөлісті дейді – Мемлекеттік басқару академиясының қызметкері Әлібек Мұқашев.

Ата-аналар коучингте жұмыс істеп жатқанда, кішкентай балалары аниматорлармен ойнап, көңіл көтерді, ал олардың үлкен балалары ағылшын тілін білу бойынша тестілеуден өтті, оның қорытындысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясында ақысыз негізде  ағылшын тілінен 25 сабақ өтуге мүмкіндік алған 15 бала іріктелді. Тәжірибелі лингвист-сарапшылар біздің кішкентай балапандарымызға арнайы ойын түрінде 5 апталық оқу бағдарламасын әзірледі. Балаларға арналған оқу бағдарламасын іске асыру барысында ана тілінде және ағылшын тілінде дыбыстандырылған түрлі-түсті иллюстрациялар мен түрлі оқу роликтері пайдаланылады.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтаир Ахметов Академияның ең жарқын және пайдалы әлеуметтік жобаларының бірі болған осы қайырымдылық акциясы өз жалғасын табатын болады деді:  

«Бүгін ұмытылмас, әсерлі күн болды! Біз қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Білім мен қуаныш сыйлаймыз! Барлық қазақстандықтарды, әріптестерімізді біздің әлеуметтік жобаларымызға және осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырамыз. Біз бұл жұмыстың бүкіл республикада жүзеге асырылып, тұрақты түрде өтсе екенін дейміз, мемлекеттік қызметшілерді коучинг форматында қарым-қатынас жасауға шақырамыз, ал біз олардың оқу бағдарламаларына коучингті енгізу арқылы оларға көмектесеміз», – деп түйіндеді ректор.

 

 

 


Your browser does not support SVGs