Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша Республикалық референдум қарсаңында Академияның базасында «Жастар және референдум» оқыту семинары өткізілді. Семинар гибридті, яғни оффлайн және онлайн форматта өтті.
Семинардың мақсаты – еліміздің маңызды саяси оқиғасы – бүкілхалықтық референдумды дайындау туралы жас азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Семинарға қатысушы мақсатты тобы – Нұр-Сұлтан қаласының республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдері және Академия филиалдарының базасында бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн қосылған өңірлік жастары. Сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттері, магистранттары мен докторанттары. Барлығы іс-шараға 240 адам қатысты.
Семинарға модераторлық жасаған Академия ректоры Е.Әбіл. Семинар спикерлері Орталық референдум комиссиясының төрағасы Н. Әбдіров, Әділет вице-министрі А. Мұқанова, бас прокурордың аға көмекшісі А. Сарғазин.
Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров семинарды аша отырып, референдум – тікелей демократияның маңызды институты және халықтың заң шығару ісіне тікелей араласу екенін тілге тиек етті. Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Республика Конституциясына енгізілетін негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Саргазин референдум өткізу кезінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Сондай-ақ спикерлер сайлау процесіне, мемлекеттік басқару, заң шығару ісіне, құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ халықаралық электораттық практикаға қатысты жастардың сауалдарына жауап берді.
Семинардың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы және Академияның Электоралдық оқыту орталығы болып табылады.