Жаңалықтар

Жобаларды басқару саласындағы сертификаттау

2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органы «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқау» ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандарт талаптарының сәйкестігіне «Жобаның басшысы» (1 деңгей) санаты бойынша жобалық менеджмент саласындағы персоналдың сертификаттау емтиханын өткізеді.

Сертификаттауға қажетті құжаттар:

– үміткердің өтініші (нысан бойынша);

– үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;

– үміткердің жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

– үміткердің жобалық менеджмент саласында кем дегенде 1 жыл тәжірибесі туралы анықтамасы (нысан бойынша);

– жобаларды басқару тақырыбындағы кем дегенде 35 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы құжаттар (сертификаттар) көшірмелері немесе жоғарғы оқу орнында жобалық менеджмент курсын кем дегенде 2 кредит санында тындағаны туралы транскрипт.

Үміткерлерге қойылатын басты талаптар Академияның ресми сайтында («Жобалық офис» қосымша парағы) орналастырылған.

Құжаттар 2018 жылдың 21 желтоқсанына дейін Астана қ., Абай даңғылы, 33а – 206 кеңседе немесе pmo@apa.kz электрондық поштасы бойынша қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша Орталыққа 8 /7172/ 75-34-87 телефондары арқылы немесе pmo@apa.kz электронды поштаға хабарласуға болады.


Your browser does not support SVGs