Академияның тыңдаушылары жобалық менеджмент негіздерін оқу барысында әзірлеген жобаларын табысты қорғап шықты. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және Академия ректоры Фатима Жақыпова қатысты.
Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын жаңарту», «Цифрлық технологиялар қоғам мүддесіне», «Білім беретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Youtube-канал «Lectorium.kz», «Ашық сәулет (рұқсат беру құжаттарын алуға арналған ақпараттық базаларды біріктіру)», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталықтар» атты
5 жобаны да оң бағалады.
Айта кететін жәйт, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалық офистерінің басшыларына арналған жобалық менеджмент негіздеріне оқыту Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында атап өтілген тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды.
Оқудың негізгі мақсаты – жобалық офис басшыларында жобалық басқару саласында практикалық дағдылар мен құзыреттерді дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша астана тәжірибесін тарату.
Оқудан Агенттіктің орталық аппараты, Ұлттық бюро, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, жеке бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жалпы алғанда 30 қызметкер өтті.