Жаңалықтар

Жобалық менеджмент саласындағы ұлттық стандарт бойынша алғашқы сертификатталған тренерлер

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мемлекеттік органдарда жобалық менеджментті енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Шілде-тамыз айларында кадрлық әлеуетті күшейту мақсатында «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Мемлекеттік басқаруындағы жобалық менеджментті дамыту орталығы» жобалық менеджмент саласындағы ISO жүйесінің ҚР ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес жобалық менеджмент бойынша сертификатталған тренерлерді дайындауды жүзеге асырды.

Сертификатталған сарапшы-аудитор Жанар Тайжанова тыңдаушылардың сертификаттаудан сәтті өтуіне үлес қосып, күрделі де жауапты жұмысты кәсіби маман ретінде атқарып шықты.

«Тренер-кеңесші» деңгейі бойынша сертификаттау шеңберінде кандидаттардың кәсіби ойлауы, функционалдық сауаттылық, жобалық міндеттерді шеше білу, сондай-ақ жобалық құзыреттерді меңгеру деңгейі бағаланды.

Академия мен оның филиалдарының 12 қызметкері ұлттық стандарттар аясында жобалық менеджмент бойынша сабақтарды ресми түрде жүргізу құқығына ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы Ұлттық аккредиттеу орталығында аккредиттеуден сәтті өткен болатын.

Орталық персоналдың жобалық менеджмент саласына қатысты сәйкестігін анықтау бойынша қызмет атқаратын жалғыз аккредиттелген орган және Академия базасында Британдық PRINCE2 әдісі бойынша оқытуды және сертификаттауды ұйымдастырады. Толық ақпарат:  +7(776) 197-89-10, +7(775) 467-36-89


Your browser does not support SVGs