Жаңалықтар

Жоғары білім саласындағы парасаттылық: Қазақстан ЖОО ректорларының форумы

2021 жылғы 5 наурызда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары білім саласындағы парасаттылық тақырыбына Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорларының форумы болып өтті.

Форумды ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізді.

Карантиндік шараларға байланысты қонақтардың бір бөлігі оффлайн-форматта, ал еліміздің жоғары оқу орындарының басқа да өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Форумға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Альтаир Ахметов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, сондай-ақ
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо, сондай-ақ Қазақстанның 50-ден астам университет ректорлары қатысты.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл Академиядағы парасаттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі туралы айтты, ал қызметкерлер бизнес-процестердің ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру және қызметкерлер мен білім алушылар арасында парасаттылықты дәріптеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ректор өз сөзінде Мемлекеттік басқару академиясы 2020 жылдың шілде айында Қазақстанның жоғары оқу орындары мен мемлекеттік мекемелері арасында бірінші болып парақорлықпен күрес менеджменті жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша сертификаттаудан өткенін атап өтті.

«Ұйымдардың, соның ішінде білім беру саласының басшылары да уақытпен бірге қадам басып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз құралдарын әзірлеуге уақыт жұмсамай, халықаралық практикаға жүгінуі керек. ISO 37001 халықаралық стандарты сауатты құрылған басқарушылық процестер есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық формалары мен түрлерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Академия ректоры Ерлан Әбіл.

Қазіргі уақытта Академия квазимемлекеттік сектор ұйымдарында ISO 37001 стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу бойынша бірнеше жобаны іске асыруда.

Бүгінгі таңда Академияның ауыз толтырып айтарлықтай зияткерлік әлеуеті бар – бұл жүйені енгізу бойынша 20 маман және ISO 37001 бойынша 30 жетекші аудитор, олар персоналды сертификаттау жөніндегі халықаралық органнан біліктілік алған.

Бұдан бөлек, қажетті әдістемелік құралдар бар, сондай-ақ халықаралық кеңесшілермен және сертификаттау органдарымен жақсы іскерлік байланыс орнатылған.

«Осыған байланысты біз сіздермен практикалық тәжірибемен бөлісуге және ISO 37001 стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Академия мемлекеттік басқару саласында кәсіби байланыстар орнату, өзекті пікірталас мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу алаңы болуға дайын. Академияда филиалдық желі құрылған, соның негізінде жаңа таланттарды іздеу және оларды мемлекеттік қызметке тарту үшін өңірлік жоғары оқу орындары мен ЖАО арасында диалогтық алаңдар құруға болады» – деді Ерлан Әбіл. 

Кездесу қатысушыларына Академияның бизнес-процестері, одан әрі ынтымақтастық орнату мен тәжірибе алмасу үшін мүмкіндіктер мен өнімдер таныстырылды.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Персоналды басқару орталығының басшысы Мөлдір Қамзина өз сөзінде кәсіби мамандарды тартуға, қатыстыруға, дамытуға және ұстап қалуға бағытталған экожүйені құрайтын HR орталығы қызметінің негізгі бағыттарымен бөлісті. Бұл экожүйенің басты бөліктерінің бірі 2019 жылы құрылған және қазір мемлекеттік, квазимемлекеттік және білім беру мекемелерінде персоналды кешенді бағалауды енгізу бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін assessment center болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Мемлекеттік басқару академиясы ақпараттық жүйені енгізу кезінде бизнес-процестерді тиімді орындауға мүмкіндік беретін автоматтандыру жүйесін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл жүйе орындалатын бизнес-процестерге тиімді мониторинг жүргізуге, қиындықтарды дер кезінде анықтауға, орындалатын міндеттер көлемін көруге, жүйеде туындайтын проблемаларды жедел шешуге ықпал етеді.

«Бизнес-процестер қызметін енді бастаған мамандар үшін бірегей нұсқаулық бола алады. Осы сызбалардың көмегімен қызметкерлер ұйымның ортақ мақсаттарына қол жеткізу жолында қай жерде және қандай жұмысты орындайтындарын бірден көреді, бұл өз кезегінде бүкіл ұйым жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының сектор меңгерушісі Асхат Байсарин.

Сондай-ақ, форум барысында университеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жүйелік тәсілді дамыту және парасаттылықты қалыптастыру мәселелері қаралды.


Your browser does not support SVGs