Академия ректоры Ерлан Әбіл тағылымдама бағдарламасының ашылу салтанатында «мұндай кездесулер жақсы дәстүрге айналды және сындарлы тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты дамыту жылдар өткен сайын нығая түседі»-, деп атап өтті.
Жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың табысын ұлғайту мәселелеріне назар аудара отырып, бес күндік қызықты әрі мазмұнды тағылымдама бағдарламасы мемлекеттік басқару жүйесін трансформациялауға байланысты өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтиды.
Тағылымдама аясында қатысушылар «Экономиканы озық дамыту және инвестициялық жобаларды қамтамасыз ету мақсатында Сахалин облысының кадрлық әлеуетін дамыту (Сахалин облысы)», «Ауылдық елді мекендердің еңбек нарығының теңгерімсіздігі (Липецк облысы)», «Еңбек нарығында мүгедектігі бар азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру (Ханты-Мансийск автономиялық округі – Югра)», «Азаматтарды жұмысқа орналастырудың төмен деңгейі: – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған; – ұзақ уақыт жұмыс істемеген (Владимир облысы)», «Еңбек нарығында жастардың (жас мамандардың) бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі (Приморск өлкесі)», «Еңбек нарығында білім беру бағдарламалары түлектерінің сұранысын арттыру (Ульяновск облысы)», «Азаматтарды кәсіптік бағдарлаудың бірыңғай жүйесінің жоқтығы (Томск облысы)» атты 7 бағыт бойынша өз жобаларымен жұмыс істейтін болады.
Тағылымдама шеңберінде мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға, Родина ауылына бару жоспарлануда, онда қатысушылар қазақстандық тәжірибемен жақынырақ таныса алады.