Page 1 - Аңдатпа
P. 1

«8D04113 – Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша
                                          доктор дәрежесін алуға ұсынылған
                               Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
                                Мемлекеттік басқару академиясының докторанты
                                        Исенова Айганым Сагандековнаның
                  «Белгісіздік жағдайында кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік
                      саясатты жетілдіру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына
                                                         АҢДАТПА

                         Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта
                  бизнесті қолдау Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының
                  бірі  болып  қала  береді.  Қазақстан  Республикасының  2025  жылға  дейінгі
                  ұлттық даму жоспарына сәйкес кәсіпкерлікті дамытудың «жаңа күн тәртібі»
                  жалпыұлттық басымдық болып табылады, мұнда бизнесті қолдау жөніндегі
                  «сандық» міндеттен сапалы «пакеттік шешімдер» қабылдауға көшу түбегейлі
                  өзгеріс  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономика
                  министрлігі  Кәсіпкерлікті  қолдаудың  мемлекеттік  саясатын  қалыптастыру
                  бойынша,  оның  ішінде  2030  жылға  дейінгі  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті
                  дамыту  тұжырымдамасын  әзірлеу  және  іске  асыру  түрінде  жүйелі  жұмыс
                  жүргізуде.  Жауапты  мемлекеттік  орган  назар  аударғандай,  жалпы  сандық
                  көрсеткіштердің оң динамикасына қарамастан, қазіргі уақытта шок-та сапалы
                  өзгерістер  байқалмайды.  Бұл  өз  кезегінде  экономиканы  әртараптандыруды

                  шектейді,  сонымен  қатар  елдің  ұзақ  мерзімді  экономикалық  өсуінің
                  тұрақтылығына әсер етеді.
                         Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  экономика  құрылымында  үлкен  рөл
                  атқарады,  сондай-ақ  халықты  жұмыспен  қамту,  тауарлар  мен  қызметтерді
                  өндіру, бюджетке салық кірістерінің түсуі, сондай-ақ елдің ЖІӨ-не өз үлесін
                  қосу түріндегі бірнеше әлеуметтік маңызды міндеттерді орындайды. Ұлттық
                  статистика  бюросының  деректері  бойынша  2021  жылдың  қорытындысы
                  бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 3,4
                  млн.астам адамды құрады. ШОБ субъектілерінің 2021 жылы өнім шығаруы 42
                  842,4 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіштерді 1,4 млн. астам жұмыс істеп
                  тұрған ШОК субъектілері қамтамасыз етті.
                         2010-2021 жылдар аралығында бизнесті қолдау мен дамытудың негізгі
                  бағдарламасы  «Бизнестің  жол  картасы  2025»  мемлекеттік  бағдарламасы
                  болып  қала  берді,  оның  мақсаты  өңірлік  кәсіпкерліктің  орнықты  және
                  теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданыстағы жұмыс орындарын
                  қолдау  және  жаңа  тұрақты  жұмыс  орындарын  құру  болып  табылады.  2021
                  жылдан бастап кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін кешенді шешуге бағытталған
                  2021-2025  жылдарға  арналған  кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі  ұлттық  жоба
                  күшіне енді. Ұлттық жобаның мақсаты кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы
                  өзгерістерді қамтамасыз ету болып табылады, оның ішінде:
   1   2   3   4   5