Page 1 - Аннотация
P. 1

«8004113 - Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша
                                       доктор дәрежесін алу үшін дайындалған
                                       Манакбаева Айгерим Бокейхановнаның
                              «Елдің мәдени дамуы контексінде киноиндустрияның
                                         әлеуметтік аудиті» тақырыбындағы
                                 диссертациялық жұмысына ғылыми кеңесшінің
                                                            ПІКІРІ


                         Бүгінгі таңда кино - үлттық болмысты танытудың бір түрі, ұлттық
                  мәдениеттің бір бөлігі, мемлекеттің идеологиялық құралдарының бірі ретінде
                  қоғамда әлеуметтік-мәдени қызметтерді жүзеге асырады. Диссертациялық
                  зерттеу өзегінде кино саласындағы мемлекеттік саясат; мемлекеттік қолдау
                  және қаржыландыру; ұлттық фильмдер; отандық кинематографистерді қолдау
                  тетіктері; мемлекеттің кино өнерін дамыту жөніндегі жұмысының тиімділігі;
                  киноиндустрияның ашықтығы; отандық киноөнімдердің қолжетімділігі;
                  азаматтардың киноиндустрияның қазіргі жағдайына деген көзқарасы мен
                  қабылдауы, боосі §оуетапсе, әлеуметтік аудит ұғымдары өзара
                  байланыстырылып тұжырымдалған.
                         Киноның мемлекеттік секторына инвестиция сала отырып, мемлекет
                 одан кем дегенде жауапкершілікті күтеді. Мемлекеттік органдар қызметінің
                 және олар іске асыратын мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін қоғамдық
                 бақылаудың маңызды құралы болып табылатын әлеуметтік аудит
                 технологиясын қолдану мемлекетті басқару саласындағы жаңа құбылыс.
                 Әлеуметтік аудит кең мағынада мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге
                 асыруында қоғамның бақылауын білдіреді.

                        Аталған тақырып отандық басқару саласындағы ғылымда алғаш рет
                 қарастырылып отырғандықтан, зерттеу ұлттық киноөнімдерін жасаудағы
                 мемлекеттік қолдау мен жауапкершілік құралдарын жетілдірудің ғылыми-

                 практикалық тұрғыдан маңызды және ғылымға елеулі үлесі болмақ.
                        Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде - киноиндустрияны
                 зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін жасауда диссертант оны
                 мәдениет саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызды бағыттарының бірі
                 ретіндегі объект тұрғысынан сараптайды. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
                 процесінде туындайтын қатынастардың жиынтығы мен осы салаға қажетті
                 жаңа әлеуметтік құралдарды зерттеу пәні деп қарастырады. Тақырыпқа
                 қатысты шетелдің және отандық зерттеулер сыни көзқараспен талданып,
                 әдістемелік, әдістік және теориялық тұрғыдан жеткілікті қамтылған. Үлттық
                 киноны мемлекеттік қаржыландыру және қолдау шараларына терең сарап
                 жүргізген.

                        Әлеуметтік аудит бүгінде негізінен бизнес-процестерді корпоративтік
                 әлеуметтік жауапкершілік контекстінде, сондай-ақ адам ресурстарын басқару
                 контекстінде зерттеуге қолданылады. Дегенмен, бұл технологияны пайдалану
                 мемлекеттік басқару үшін де айтарлықтай перспективалы болып көрінеді.
                 Жалпы әлеуметтік технологияларды мемлекеттік басқаруды оңтайландыруға
                 бағытталған басқару тәжірибесіне енгізу бойынша зерттеулер жоқтың қасы
   1   2