Page 2 - Аннотация
P. 2

деуге болады. Әлеуметтік аудит әлі де әдістемелік жағынан да, әдістік
                   жағынан да әлсіз дамыған, ол әдебиеттерде іс жүзінде сипатталмаған.
                   Сондықтан, қарастырылып отырған тақырып үлттық кино өндірудегі
                   мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге әлеуметтік аудит тәсілдерін қолдану
                  түрғысынан өте өзекті.
                          Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімі қазақстандық
                  киноиндустрияның қазіргі жағдайына арналған. Қолданбалы талдау әдістері
                  арқылы отандық киноиндустрияның мықты және әлсіз тұстары мен даму
                  мүмкіндіктері және тәуекелдер анықталған. Олардың қатарына мемлекеттің
                  кинематография саласында жүргізіп отырған саясатының тиімділігінің
                  жоғары болмауы; кинематография субъектілерінің инвестициялық
                  тартымдылығының төмендігі; жеке меншік кинокомпаниялардың нарықта
                  бәсекелестігінің төмендігі; саладағы өндірістік және материалдық базаның
                  жетіспеушілігі; кино саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясының
                  жоғары деңгейде болмауын жатқызады.
                         Диссертациялық жұмыстың үшінші бөлімінде қазақстандық
                  киноиндустрияны мемлекеттік басқаруды жетілдіруде мемлекет тұрғысынан
                  қаржыланатын фильмдер туралы қоғамдық және сарапшылық пікірлерге
                  жүргізілген эмпирикалық зерттеулер нәтижесі негізінде, алдыңғы бөлімдерде
                  жасалған талдаулар негізінде ғылыми және практикалық ұсыныстар беріледі.
                  Мемлекет тұрғысынан қаржыланатын киноиндустрияны басқару мәселелерін
                  шешуге әлеуметтік аудит тәсілдерін қолдану перспективасы негізделеді.
                         Жұмыстың жалпы құрылымы зерттеу тақырыбы мен диссертанттың
                  қойған мақсат-міндеттеріне сай, зерттеуші диссертациялық зерттеу
                  жұмысында теориялық жүйелі талдаулар жасауға, эмпирикалық зерттеу
                  жүргізуге қабілеті мен құзіретін жақсы көрсетті.
                         Манакбаева Айгерим Бокейхановна зерттеу жұмысында
                  киноиндустрияны мемлекеттік басқаруда әлеуметтік аудит технологиясын
                  қолдану ұсынысы әлеуметтік, ғылыми және практикалық зор мәні бар тұңғыш
                  еңбектердің бірі деуге болады. Диссертацияның теориялық тұжырымдарын
                  және практикалық нәтижелерін, мемлекеттен қаржыланатын мәдени
                  бағдарламаларды басқаруды оңтайландыруда, әлеуметтік технологияларды
                 кеңінен енгізуде табысты қолдануға болады.
                        «8004113 - Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша

                 доктор дәрежесін алу үшін дайындалған Манакбаева Айгерим
                 Бокейхановнаның «Елдің мәдени дамуы контексінде киноиндустрияның
                 әлеуметтік аудиті» тақырыбындағы диссертациялық                       жұмысын қорғауға
                 ұсынуға болады деп есептеймін.




                        Ғ ылыми кеңесші,                                      'Хт
                        социология гылымдарының
                                                              ■ІІТ-І ///Л ,.нТ I?® іі
                        кандидаты, доцент                                       /С      М. Маульшариф
                  1          ЗАВЕРЯЮ                    і
                  'ДирекгорДепартаментапочелов^^чн-
                  1 ресур^^^^ь^рному развити^
   1   2