Page 1 - Аннотация
P. 1
«8В04113 - Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша
доктор дәрежесін алу үшін дайындалган
Манакбаева Айгерим Бокейхановнаның
«Елдің мәдени дамуы контексінде киноиндустрияның
әлеуметтік аудиті» тақырыбындағы
диссертациялық жүмысына ғылыми кеңесшінің
ПІКІРІ
Қоғам дамуының барлық кезеңінде кино мәдени кеңістікті
қалыптастырудың, саяси ықпал етудің, үгіт-насихаттың құралы ретінде маңызды
рөл атқарады. Мемлекеттің киноға жіті назар аударуы оның жалпыұлттық
идеяларды образдар мен қозғалыстар арқылы сенімді түрде жеткізіп, көпшілікті
жұмылдыра алатын бұқаралық өнер екендігіне байланысты. Сонымен қатар,
кино индустриясының мемлекет үшін экономикалық маңызы да зор.
Киноөндірісті халық үшін дұрыс бағытта қолдана білу - мемлекеттік басқару
жүйесіндегі оңтайлы тәсілдердің бірі. Қазіргі кезеңде киноиндустрия саласы
мемлекеттік саясат, басқару негіздері тарапынан жеткілікті деңгейде
зерттелмеген, бұл өз кезегінде тақырыптың өзектілігін негіздейді.
Осы орайда А.Б. Манакбаеваның диссертациялық жұмысының
маңыздылығы елдің мәдени дамуында елеулі рөл атқаратын киноиндустрия
саласын мемлекеттік басқару призмасы арқылы зерттеп, салаға қажетті
әлеуметтік аудит құралын негіздеуге ұмтылуында. Қоғамдық бақылау құралы
ретінде әлеуметтік аудит мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа үрдістердің бірі
болып табылады. Осылайша, зерттеудің тақырыбы киноиндустрияның қызмет
етуі және дамуындағы заңдылықтар туралы теориялық түсініктерді кеңейтуде,
ғылыми практикалық тұрғыда кино саласын диагностикалауда, шешімдер
қабылдау барысында өзекті болып табылады.
Докторант елдің мәдени дамуындағы киноиндустрияның маңыздылығы
мен оның әлеуметтік-мәдени қызметін бағалауға бағытталған теориялық және
тәжірибелік сипаттағы кешенді жұмыс жүргізіп, диссертация тақырыбының
жаңашылығын көрсеткен. Киноиндустрия саласына қажетті әлеуметтік аудиттің
мәнін, объектісі мен пәндік аясын, негізгі қағидаттары мен критерийлерін,
қолданылатын әдістерін сипаттап көрсетеді.
Сонымен қоса, жұмыста Қазақстандағы киноиндустрия саласының қазіргі
жағдайына талдау жүргізілген. Кино саласын мемлекеттік басқару жүйесіндегі
оң өзгерістер мен қол жеткізген жетістіктер сараланған. Соңғы екі-үш жылда
мемлекеттік қаржыландырудың жаңа үлгісі енгізілгені, киножобаларды
конкурстық негізде іріктеу ұйымдастырылғаны, саланың ашықтығын
қамтамасыз ету шараларының қабылданғаны атап өтіледі. Сонымен қоса,
отандық киноиндустрияның қызметіндегі кемшілік тұстар мен проблемалық
мәселелер айқындалған. Талдаудың 8\ҰОТ, РЕ8Т құралдарын пайдалана
отырып, саланың дамуына кедергі келтіруші мәселелер мен оларды болдырмауға
бағытталған факторлар, тиісті шаралар айқындалған.
Диссертациялық жұмыста докторант сандық және сапалық зерттеу
құралдарын пайдалана отырып, ғылыми мәселені тереңірек және объективті