Page 2 - Аннотация
P. 2

зерделеуге талпыныс жасаған. Статистикалық деректерді, әлеуметтанулық
                     ақпаратты, шетелдік және отандық әдебиетті, қазақстандық киноиндустрия
                    туралы дискурстық ақпаратты талдау диссертацияның мазмұндық құндылығын
                    нығайтқан.
                           Кинематография мемлекеттік идеология мен құндылықтар жүйесінің
                    өзіндік «жолсерігі» болып табылады. Осы тұжырымның негізінде зерттеуде
                    дискурстық талдау элементтерін пайдалана отырып, Қазақстанның
                    идеологиялық-бағдарламалық құжаттары мен қазақстандық аудитория арасында
                    көп танымал фильмдердің мазмұнына талдау жүргізілген. Автор сол арқылы
                    мемлекеттік саясаттың басты идеяларының кинода көрініс табуын дәлелдейді.
                    Тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде белгілі бір идеологиялық хабарлар басым
                    болатынын және олар тек ресми деңгейде ғана емес, сонымен бірге өнер мен
                    шығармашылық арқылы да мәжбүрлеусіз, сезілмей берілетінін негіздейді.
                           Осындай идеологиялық жағынан маңызды киноиндустрия саласындағы
                    әлеуметтік қатынастар мен киноөнімдердің қоғамдык пайдасын талдауда
                    әлеуметтік аудитті қолданудың артықшылығы негізделеді.
                           Автор киноиндустрия саласында әлеуметтік аудит технологиясын
                    қолданудың мүмкіндіктері мен оны мемлекеттік басқару жүйесінде қолдану
                    перспективасын сипаттаған. Әртүрлі теориялық еңбектерді негізге ала отырып,
                    докторант әлеуметтік аудитті жүргізудің әдістемелік ұсынымдары мен
                    алгоритмін әзірлеуге тырысқан.
                           Диссертациялық зерттеудің нәтижелері мен негізгі тұжырымдары
                    халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда апробациядан өтті,
                    Зсориз халықаралық базасы мен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны
                    қамтамасыз ету комитеті ұсынған және өзге де ғылыми басылымдарда
                    жарияланды.
                           Диссертациялық жұмыс теориялық және практикалық нәтижелері бар,
                    логикалық және кұрылымдық жағынан байланысқан, жеткілікті ғылыми
                    деңгейде әзірленген дербес жұмыс болып табылады.
                            «8004113 - Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша
                    доктор дәрежесін алу үшін дайындалған Манакбаева Айгерим Бокейхановнаның
                    «Елдің мәдени дамуы контексінде киноиндустрияның әлеуметтік аудиті»
                    тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауға ұсынуға болады деп
                    есептеймін.




                           Ғылыми кенесші,
                           с.ғ.д., ҚР ¥ҒА академигі,
                           Философия, саясаттану және дін
                           институтының Бас директоры                                             ейдуманов
   1   2