Page 2 - Документ
P. 2
− қолданыстағы заңнаманың жетілмегендігінің бар проблемаларын
талдап, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді;
− оны одан әрі дамыту, сондай-ақ ҮЕҰ есептерін ұсыну үшін
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру және ҮЕҰ
қаржыландырудың цифрлық платформасын әзірлеу бойынша ұсыныстар
әзірленді және негізделді;
− электронды есепке алу жүйесін және ҮЕҰ деректер базасын
жетілдіру және мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен кері байланысты
қамтамасыз ету;
− мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың алгоритмі
мен нұсқауы әзірленді.
Диссертациялық жұмыстың негізгі ережелері 5-және ғылыми
еңбектерде, оның ішінде 1 ғылыми мақала – Scopus халықаралық базасына
кіретін журналда (41%) және 4 ғылыми мақала – ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕК
ұсынған журналдарда жарияланды. Бұдан басқа, ғылыми нәтижелерді
практикалық қызметке енгізу туралы 1 акт бар, атап айтқанда
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық
қоғам істері комитетімен берілді, Қазақстан Республикасы Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өткізген мемлекеттік
аппаратты бюрократиясыздандыру жөніндегі республикалық конкурста 3
орын алды.
Диссертациялық жұмыс дербес ғылыми зерттеу болып табылады,
логикалық тұрғыдан құрылған құрылымға ие, ал қорғауға ұсынылған
нәтижелер жеткілікті жаңалыққа ие және тәжірибеде қолданылады.
Осылайша, Утепова Газиза Маратовнаның диссертациялық жұмысы
аяқталған ғылыми зерттеу болып табылады және 8D04113 – Мемлекеттік
басқару білім беру бағдарламасы бойынша доктор дәрежесін алу үшін жария
қорғауға ұсынылады.
Ғылыми кеңесші:
экономика ғылымдарының докторы,
Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы мемлекеттік басқару
Академиясы Мемлекеттік саясаттың
ұлттық мектебінің профессоры Р.А. Исмаилова