Page 2 - Аннотация
P. 2

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қоғамдық  пікірді  қалыптастыруға  әсерін
                  талдау
                         - қоғамдық саясаттың объективі арқылы қоғамдық пікірді зерделеу және
                  әлеуметтік  желілердің,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қоғамдық  пікірді
                  қалыптастыруға әсерін талдау;
                         - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясатқа қоғамдық пікірдің
                  әсерін талдау;
                            -  қазіргі  заманғы  технологияларды,  оның  ішінде  Қазақстан
                  Республикасының  БАҚ  және  интернет-кеңістігінде  қоғамдық  пікірді
                  басқарудағы жасанды интеллект мүмкіндіктерін анықтау;
                            - кибернетикалық кеңістікке, Google, Мета және т.б. сияқты трансұлттық
                  медиа  корпорациялардың  жасанды  интеллектті  пайдалануына  байланысты
                  қауіп-қатерлерге талдау жүргізу.
                         Зерттеу  әдістері.  Осы  зерттеудің  негізінде  қоғамдық  пікірді  басқару
                  субъектілері  қызметінің  халықаралық  және  отандық  тәжірибесін  қарауға
                  мүмкіндік  берген  аналитикалық  әдіс  жатыр.  Қоғамдық  пікірді  мемлекеттік
                  басқару, ақпараттық қауіпсіздік, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат
                  құралдарының  қоғамдық  пікірді  қалыптастыруға  әсері  бойынша  ғылыми
                  зерттеулерді, теориялық және эмпирикалық әдебиеттерді талдау осы саладағы
                  қолданыстағы         тұжырымдамаларды,             тәсілдер      мен      тенденцияларды
                  қорытындылауға  мүмкіндік  берді.  Қойылған  міндеттерді  шешуде  автор
                  жүйелік  тәсілді,  салыстырмалы  және  социологиялық  әдістерді  қолданды,
                  алынған  деректерді  өңдеу  және  талдау,  синтез  әдісін  қолдану  үшін
                  статистикалық  әдістер  қолданылды,  компьютерлік  модельдеу  әдісі
                  қолданылды.
                         Ғылыми  зерттеу  гипотезасы:  мемлекеттік  органдардың  тиімділігін

                  арттыру,  халықпен  диалогты  нығайту  ақпараттық  технологияларды  тиімді
                  пайдалануға байланысты.
                         Диссертацияның ғылыми жаңашылығы және алынған нәтижелердің
                  маңыздылығы:
                         -  компьютерлік  модельдеу  әдісін  қолдануды  қоса  алғанда,  қоғамдық
                  пікірді басқару технологияларын зерттеуге теориялық-әдіснамалық тәсілдер
                  жүйесі жинақталып, кеңейтілді;
                          - қоғамдық саясат модельдерінің эволюциялық өзгеру призмасы арқылы
                  қоғамдық пікірді қалыптастыру процесінің ерекшелігі мен сипаты анықталды,
                  Қазақстанның  жария  саласының  қалыптасу  кезеңдері  мен  мәселелері
                  зерттелді;
                         -  Қазақстан  Республикасында  басқарудың  және  қоғамдық  пікірді
                  қалыптастырудың             қазіргі      заманғы         саяси       технологияларының
                  тиімділігінің/тиімсіздігінің  себептері  және  оларды  олар  пайдаланылатын
                  жағдайларға бейімдеу қажеттілігі анықталып, талданды;
                         - мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен Халықпен диалогты
                  нығайту        ақпараттық        технологиялардың            дамуына        және       саяси
                  технологиялардың дұрыс пайдаланылуына байланысты екендігі дәлелденді;
   1   2   3   4   5