Page 4 - Аннотация
P. 4

6.     Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат салаларында енгізу
                  үшін  қоғамдық  пікірмен  жұмыс,  сондай-ақ  цифрлық  құпиялылықты  реттеу
                  және қорғау бойынша ұсынымдар әзірленді.
                         Ғылымның             даму        бағыттарына            немесе         мемлекеттік
                  бағдарламаларға  сәйкестігі.  Ғылыми  зерттеу  жасанды  интеллектті
                  дамытудың  2024-2029  жылдарға  арналған  тұжырымдамасына  (Қазақстан
                  Республикасы  Үкіметінің  2024  жылғы  24  шілдедегі  №  592  Қаулысы),
                  киберқауіпсіздік        Тұжырымдамасына             ("Қазақстан        киберқауіпсіздігі")
                  (Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2017  жылғы  30  маусымдағы  №407
                  қаулысы),  Қазақстан  Республикасындағы  азаматтық  қоғамды  дамыту
                  Тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Президентінің  2020 жылғы 27
                  тамыздағы №390 Жарлығы) сәйкес келеді.
                         Диссертацияның теориялық және әдіснамалық негізі – жүйелік және
                  құрылымдық          талдаудың       жалпы       ғылыми       принциптері,        зерттеудің
                  компаративистік  және  бихевиористік  әдістерімен  үйлеседі.  Сондай-ақ
                  зерттеудің теориялық негізі қоғамдық пікірді саяси басқару бойынша отандық
                  және шетелдік ғалымдардың іргелі ғылыми жұмыстары болып табылады. Осы
                  зерттеудің  негізінде  қоғамдық  пікірді  басқару  субъектілері  қызметінің
                  халықаралық  және  отандық  тәжірибесін  зерттеуге  мүмкіндік  берген
                  аналитикалық әдіс жатыр.
                         Зерттеудің       теориялық         және       практикалық           маңыздылығы
                  диссертациядағы  ережелер  мен  тұжырымдарды  осы  тақырып  бойынша
                  зерттеулерді одан әрі дамыту үшін пайдалануға болатындығымен анықталады.
                  Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері қазіргі оқу процесінде "Қоғамдық пікірді
                  басқару" арнайы курсы ретінде практикалық қолдануға болады. Бұл зерттеу
                  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  интернет  кеңістігінде  қоғамдық

                  қатынастарды  реттеу  және  қоғамдық  пікірді  басқару  бойынша  саяси
                  шешімдерді  әзірлеу  кезінде  пайдалы  болуы  мүмкін.  Зерттеуде  мемлекеттік
                  органдардың  жұмысында  қолдануға  болатын  жасанды  интеллект  бойынша
                  нақты әзірлемелер мен ұсыныстар келтірілген.
                         Зерттеу  нәтижелерін  апробациялау  және  докторанттың  әрбір
                  жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы:
                         Диссертацияның  негізгі  ережелері  қазақстандық  және  шетелдік
                  басылымдарда  жарияланған  автордың  4  жарияланымында,  бір  ғылыми-
                  практикалық  конференцияда  баяндалған.  Диссертациялық  зерттеудің
                  нәтижелері  бойынша  жұмыста  пайдалану  үшін  Қазақстан  Республикасы
                  Экономика министрлігіне (А қосымшасы) ұсыныстар жіберілді.
                        1.  Investigating the relationship between tax culture and tax communication
                  in  Kazakhstan  //  Problems  and  Perspectives  in  Management-Scopus  –  Ukraine,
                  Sumy, 2021, August, PP. 197-210. Докторанттың қосқан үлесі 35%
                        2.  Управление  общественным  мнением  как  фактор  повышения
                  эффективности  государственного  управления  //  Научный журнал Казахстан
                  Спектр, 2019 - №1 (87), стр 88-99. Докторанттың қосқан үлесі 50%
                        3.  Public  policy  performance  management  on  shaping  public  opinion:
                  Methodological aspects// Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические
   1   2   3   4   5