Page 1 - Аннотация
P. 1
Аңдатпа
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің
докторанты Калымбетова Айгуль Рахмановнаның «8D04114
Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы
бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған
«Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті:
институттары, механизмдері және перспективалары» тақырыбындағы
диссертациялық жұмысына
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан ресурстарға бағытталған экономикадан,
экономиканың неғұрлым таза, инновациялық және әртараптандырылған
моделіне ӛту арқылы әлемнің ең дамыған отыз елі қатарына кіруге ұмтылуда.
Бұл үшін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге экономиканың бәсекеге
қабілеттілігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ӛзгерістер қажет.
Сондықтан біртіндеп бейорталықтандыру саясатын жүзеге асыруда.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет».
Берекелі ұлт. Біріккен қоғам» атты жолдауында орталық ведомстволардың
вертикалын оңтайландыру және жергілікті атқарушы органдардың
ӛкілеттіктерін едәуір кеңейту қажеттігін атап ӛтті. Бұл ӛзекті мәселелерді
шешуде аймақтар мен адамдарға жақындауға мүмкіндік береді. Мемлекет
басшысы сондай-ақ Еуропалық Хартияны ратификациялау мәселесін атап
ӛтті. Ол жергілікті басқару органдарының жұмыс істеуінің негізгі
қағидаттарын айқындайтын маңызды кешенді құжат болып табылады.
Қазақстандағы жергілікті ӛзін ӛзі басқару реформасы, биліктің әртүрлі
деңгейлері арасындағы ӛкілеттіктерді бӛлу, жергілікті ӛзін ӛзі басқару
органдарының дербестігі мен жауапершіліктерінің артуы, еліміздегі бюджет
үрдісін ары қарай реформалауды талап етеді.
Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару (ары қарай ЖӚӚБ) органдарының
аймақтағы жергілікті маңызды мәселелерді шешу бойынша ӛкілеттіктерін,
қаржылық және экономикалық тәуелсіздігін кеңейту, сондай-ақ ЖӚӚБ
дамыту арқылы шешім қабылдау үрдісіне азаматтардың қатысу
мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Айтарлықтай қаржылық ресурстарды
қажет ететін ӛкілеттіктер ЖӚӚБ деңгейіне берілді, бірақ ЖӚӚБ
органдарының қаржылық тәуелсіздігін күшейту мәселесі заңнамалық
деңгейде әлі де нақты шешімін тапқан жоқ.
Жергілікті ӛзін ӛзі басқарудың дербес бюджетінің трансферттерге
тәуелділігі, дербес бюджетті жоспарлау мен үйлестірудің тиімсіздігі,
тӛртінші деңгейлі бюджет шығыстарының меншікті табыстармен қамтамасыз
етілуінің тӛмендігі, бюджетті басқарумен байланысты мәселеге қатысты
жергілікті тұрғындардың белсенділігінің тӛмендігі осы тақырыптың қазіргі
таңда ӛзектілігін анықтайды.
Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару бюджетін сапалы жоспарлауды қарастыру
және олардың кірістерін ұлғайту, мүлікті, коммуналдық меншікті тіркеу,
жергілікті проблемаларды шешуде және жергілікті дамуды жоспарлауда