Page 2 - Аннотация
P. 2
азаматтардың белсенділігін арттыру бойынша пәрменді шаралар
қабылдаудың аса маңызды мәселелері бұл таңдалған тақырыптың ӛзектілігін
анықтайды және диссертациялық зерттеудің негізгі бағыттарын анықтайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жергілікті ӛзін ӛзі басқарудың
дербес бюджетін қалыптастыру мәселелері кӛптеген ғылыми зерттеулерге
негіз болды.
Шетелдік авторлардан Ardanaz M, Otálvaro-Ramírez S, Carcaba A,
Arrondo R, Gonzalez E, L. Zhang and W. Yuan, Klobučník Michal, Bačík
Vladimír, Ahrens, T., Ferry, L, Sipos A, Aaberge R, Eika L, Akilli H., H. Serkan
Akilli, Basurto M.P, Dupas P., Robinson J, Tang W. Marin R, жергілікті ӛзін ӛзі
басқару мәселелерін зертеген.
Ресей авторларының ішінде Шульгина И. В, Дуреев С.П, Кожевников
О.А, Султанов Е. Б, Тепляков И. И. Войтович В.Ю, Малявкина. Н.В.
Агибалов. Ю. В, Павлов Н.В жергілікті маңызы бар мәселелерді басқаруға
азаматтардың қатысуын терең зерттеген.
Отандық авторлардың ішінде Бурлаков Л. Н жергілікті ӛзін ӛзі басқару
мен аймақтық экономика мәселелерін. Айтенова Ш., Жарас А жергілікті ӛзін
ӛзі басқарудың қаржылық экономикалық негіздерін, Асаубаев Р, Бокаев Б.Н
жергілікті ӛзін ӛзі басқарудың дамуының потенциалын, Жергілікті ӛзін ӛзі
басқаруды қаржылық қамтамасыз ету Исмаилова Р.А, Шиян О.В
еңбектерінде жергілікті ӛзін ӛзі басқару және дербес бюджетті басқарудың
мәселелерін зертейді. Қазақстан Республикасындағы бюджет шығыстарының
қалыптастырылуы, тиімділігі және нәтижелілігі А. Б Зейнельгабдинмен
зерттелді.
Зерттеудің негізгі мақсаты - Жергілікті бюджеттің салық салу
базасын кеңейту, бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру,
бюджетті басқаруға тұрғындардың қатысу тетігін қамтамасыз ету жолымен
жергілікті ӛзін-ӛзі басқарудың дербес бюджетін жетілдіру бойынша
ұсыныстар жасау.
Зерттеу міндеттері:
1. Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару бюджетінің базалық концепцияларын
зерттеп қарастыру.
2. ЖӚӚБ-дың дербес бюджетінің шетелдік модельдерін зерттеу.
3. Қазақстанда тӛртінші деңгейлі бюджетті енгізу үрдісіне талдау
жүргізу.
4. Тӛртінші деңгейлі бюджетті толықтыру мен басқарудың тиімді
тетігін жасау.
5. Жергілікті басқаруға тұрғындарды тарту институтын қалыптастыру
бойынша ұсыныстар жасау.
6. Коммуналдық меншікті басқару үрдісін оңтайландыру
Зерттеу нысаны Жергілікті ӛзін ӛзі басқарудың тӛртінші деңгейлі
бюджеті.
Зерттеу пәні Жергілікті ӛзін ӛзі басқарудың дербес бюджетін
қалыптастыру мен орындау барысында пайда болатын құқықтық, әлеуметтік
экономикалық қатынастар жиынтығы және осы үрдісті реттеу тетіктері.