Page 1 - Аннотация
P. 1

«8D04113-  Мемлекеттік  басқару»  білім  беру  бағдарламасы  бойынша
                  доктор  дәрежесін  алуға  ұсынылған  «Мемлекеттік  басқару  жүйесіндегі
                  тәуекел  менеджменті»  тақырыбындағы  Қазақстан  Республикасы
                  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының
                  докторанты  Әсел  Советқанқызы  Омарханованың  диссертациялық
                  жұмысына
                                                             АҢДАТПА
                        Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Қазақстан  Республикасындағы
                  мемлекеттік басқарудың міндеттері елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге
                  бағытталған. Экономикалық өсу, әлеуметтік саясат, адами капиталды дамыту,
                  экологиялық  басқару  Қазақстан  Республикасындағы  Үкімет  қызметінің
                  стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, елдің
                  тұрақты және теңгерімді жұмыс істеу жолын қалыптастыруда халықаралық
                  қатынастарды  нығайту,  инфрақұрылымдық  қамтамасыз  ету,  өңірлік
                  ынтымақтастықтың орны ерекше.  Аталған міндеттерді іске асыру үшін тиімді
                  басқару  технологиялары  мен  әдістеріне,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы
                  күреске,  өз  қызметінің  ашықтығы  мен  ашықтығын  арттыруға  негізделген
                  тиімді мемлекеттік аппарат қажет.
                        Тәуекел менеджмент мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқарудың
                  маңызды  құралы  болып  табылады  және  бағдарламалық  құжаттарды,
                  мемлекеттік  стратегиялар  мен  жобаларды  іске  асырудың  тиімділігіне  әсер
                  етеді.  Тәуекелдерді  бағалау  және  басқару  Қазақстандағы  мемлекеттік
                  саясаттың  мақсаттарына  қол  жеткізу  және  қазіргі  жағдайда  мемлекеттік
                  органдардың қызметіне деген сенім деңгейін арттыру үшін өте маңызды.
                        Сонымен қатар, жалпы корпоративтік мәдениет жүйесінде менеджмент
                  тәуекелі  мәселесі  бойынша  зерттеулердің  болуына  қарамастан,  бүгін

                  тәуекелдерді  басқару  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  теориялық  және
                  ғылыми-әдістемелік  мәселелері  аз  зерттелгендігі,  менеджмент  тәуекелі
                  ұғымдық-терминологиялық               аппаратының         жеткіліксізі       әзірленбегені,
                  мемлекеттік  сектордағы  тәуекел  көздерінде  пікірлер  екіұшты  байқалуы
                  зерттеудің өзектілігін растайды.
                        Зерттеу нысаны: стратегиялық жоспарлау саясатын қалыптастыратын,
                  операциялық  басқаруды  жүзеге  асыратын  орталық  мемлекеттік  және
                  жергілікті атқарушы органдардың қызметі, сондай-ақ тәуекел мен белгісіздік
                  жағдайында мемлекеттік басқару шешімдерін қабылдау.
                        Зерттеу    пәні:  тәуекелдердің  алдын  алу,  азайту  және  оңтайландыру
                  мақсатында  туындайтын  мемлекеттік  басқару  және  өзара  қарым-қатынас
                  процесі.
                        Зерттеудің  мақсаты  негізгі  тәуекелдерді  айқындау  және  Қазақстан
                  Республикасының  мемлекеттік  басқару  жүйесінде  тәуекелдерді  басқаруды
                  жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу.
                        Қойылған мақсатқа сәйкес зерттеудің келесі міндеттері тұжырымдалған:
                        -  мемлекеттік  басқару  жүйесіндегі  менеджмент  тәуекелінің  теориялық
                  ережелерін  жүйелеу  және  кеңейту,  мемлекеттік  органдарға  қолданылатын
                  негізгі тәсілдерді, қағидаттар мен әдістерді анықтау;
   1   2   3   4   5   6