Page 3 - Аннотация
P. 3
3
қабылдау жағдайында менеджмент тәуекелін реттеудің ғылыми-әдістемелік
тәсілін негіздеу кезінде; абстрактілі логикалық әдіс – теориялық жалпылау
және қорытындыларды қалыптастыру кезінде.
Қорғауға мынадай ережелер шығарылады:
1. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін тәуекелдерді
басқарудың стратегиялық тәсілін енгізу негізделеді, оның міндетті
компоненттері: тәуекелдерді басқарудың нормативтік - құқықтық базасы,
тәуекел менеджменті құралдарының әдіснамасы, кадр ресурстарымен
қамтамасыз етілуі, тәуекелдерді талдау мен басқаруды ақпараттық сүйемелдеу
болып табылады.
«Мемлекеттік басқару жүйесіндегі тәуекел менеджменті» ұғымының
маңызды сипаттамасы толықтырылды және «мемлекеттік функциялар мен
бағдарламаларды іске асыру процесінде туындайтын тәуекелдерді анықтауға,
бағалауға, мониторингтеуге және басқаруға бағытталған теориялық
тәсілдердің, әдіснамалық қағидаттар мен практикалық құралдардың
жиынтығы» ретінде айқындалды. Бұл процестің негізгі сипаттамалары:
белсенді тәсіл; басқару процестеріне интеграция; жүйелілік; тұрақтылық
пен үздіксіздікке бағдарлау; деректер мен аналитикалық әдістерді қолдану;
кешенділік және пәнаралық; өзара әрекеттесу және ынтымақтастық; білім
мен оқытуды басқару.
2.Халықаралық тәжірибені талдау негізінде мемлекеттік басқару
жүйесінде тәуекел менеджментін қолдану мемлекеттік құрылымдардың
тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру үшін жоғары тиімділікке ие екендігі
дәлелденді. Бұл тәсіл стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және
мемлекеттік институттардың тұрақтылығын арттыруға ықпал ете отырып,
мемлекеттік басқару жүйесіндегі тәуекелдерді басқарудың жан-жақты және
тиімді әдісін қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасында тәуекелдерді мемлекеттік басқаруды
талдау белгілі бір салалардың жүйелілігі мен шектеулілігін, Құзыретті
кадрлардың жетіспеушілігін, тәуекелдердің әсерін бағалау үшін қажетті
әдіснаманың, регламенттердің жоқтығын, тәуекелдер туралы ақпараттың
сапасының төмендігін көрсетті. Мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс
істеуінің негізгі тәуекелдері анықталды: халықаралық және елдік деңгейдегі
саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, сыбайлас жемқорлық,
операциялық (ұйымдастырушылық) тәуекелдер. Мемлекеттік басқару
жүйесіндегі тәуекел менеджменті әдіснамасындағы олқылықтар оны іске
асырудың кезең-кезеңімен процесін көздейтін Қазақстан Республикасының
мемлекеттік басқару жүйесіндегі тәуекел менеджменті тұжырымдамасын
әзірлеу қажеттілігін туғызады.
4. Интегралдық тәсілге негізделген және қатарынан 6 кезеңнен тұратын
мемлекеттік басқару жүйесіндегі тәуекелдерді талдаудың ұсынылған моделі
мемлекеттік органдарға жаңа жағдайлар мен сын-қатерлерге жедел
бейімделуге, тәуекелдерді анықтауға және бағалауға, сондай-ақ оларды
басқару жөніндегі тиісті стратегиялар мен шараларды әзірлеуге мүмкіндік