Page 2 - Аннотация
P. 2

2

                        -  әртүрлі  елдерде  қолданылатын  тәуекелдерді  басқарудың  табысты
                  модельдері  мен  құралдарына  баса  назар  аудара  отырып,  мемлекеттік
                  сектордағы тәуекелдерді басқарудың халықаралық тәжірибесін зерделеу және
                  қорыту;
                        -  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  басқару  органдарында
                  тәуекелдерді       басқарудың        қолданыстағы         жүйесіне      талдау      жүргізу,
                  тәуекелдерді  тиімді  басқаруға  кедергі  келтіретін  негізгі  проблемаларды
                  анықтау;
                        -  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  ортаның  ерекшелігін  ескеретін
                  Қазақстанның  мемлекеттік  басқаруы  үшін  тәуекел  менеджментінің
                  бейімделген моделін әзірлеу;
                        -  цифрландыруды  және  экономикалық  ортадағы  өзгерістерді  қоса
                  алғанда,  ағымдағы  және  болжанатын  жаһандық  үрдістерді  ескере  отырып,
                  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  басқаруындағы  тәуекелдерді
                  басқару әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
                        Алынған  нәтижелердің  жаңалығы  мен  маңыздылығы  Қазақстан
                  Республикасының Мемлекеттік басқару органдарында тәуекелдерді басқару
                  жүйесін  жетілдіруге  бағытталған  ғылыми-әдістемелік  тәсілдер  мен
                  практикалық ұсынымдарды жиынтық әзірлеуде жатыр. Зерттеу алғаш рет
                  мемлекеттік басқарудың ерекшеліктеріне бейімделген тәуекелге бағдарланған
                  құралдарды  интеграциялауды  жүзеге  асырады,  бұл  динамикалық  өзгеретін
                  сыртқы және ішкі орта жағдайында тұрақтылық пен операциялық тиімділікті
                  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ  ғылыми  жаңалық  халықаралық
                  тәжірибелер  мен  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  мәнмәтінінің
                  ерекшелігі  негізінде  тәуекелдерді  белсенді  анықтауды,  бағалауды  және
                  азайтуды  қамтамасыз  ететін  тәуекел  менеджментінің  бейімделген  моделін
                  жасауда  көрінеді.  Бұл  қауіп-қатерлерге  уақтылы  жауап  беруге  және
                  мемлекеттік  институттардың  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  етуге  қабілетті
                  неғұрлым икемді және сенімді басқару жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
                        Зерттеу әдістемесі мен әдістері. Мемлекеттік басқару және менеджмент
                  саласындағы  іргелі  және  қолданбалы  зерттеулердің  ғылыми  ережелері,
                  сондай-ақ  елдегі  және  шетелдегі  экономикалық  ғылымның  әртүрлі
                  салаларындағы  ғалымдардың  еңбектеріндегі  тәуекел  менеджменттің  негізгі
                  теориялық қағидалары болып табылады.
                        Зерттеу  мемлекеттік  басқарудағы  менеджмент  тәуекелін  дамытудың
                  теориялық  және  әдіснамалық  негіздерін  жалпылау  кезінде  жүйелік  талдау
                  сияқты ғылыми әдістер мен құралдарды қолдануға негізделген; талдау және
                  синтез  -  шетелдік  тәжірибе  контекстінде  тәуекелдерді  басқару  мәселелерін
                  зерделеу  және    менеджмент  тәуекелі  саласындағы  проблемалардың  негізгі
                  себептерін  анықтау  кезінде;      жүйелік-құрылымдық  талдау  кезінде
                  мемлекеттік          сектордағы          менеджмент           тәуекелін         дамытудың
                  институционалдық тәсілін қалыптастыру жағдайында; нәтижелерді логикалық
                  жалпылау  –  менеджмент  тәуекелін  дамытудың  тұжырымдамалық  тәсілін
                  қалыптастыру  кезінде;  индукция  мен  дедукция  –  басқару  шешімдерін
   1   2   3   4   5   6