Page 2 - Аннотация
P. 2
персоналының жеке буыны ретiнде қарастырады. Осыған байланысты
таңдалған зерттеудің өзектілігі олардың басқару қызметін бағалаудың
әдістемелік тәсілдерін тұжырымдаудан тұрады.
Зерттеу мәселесінің ғылыми дамуы. Диссертациялық зерттеуге басқару
персоналын бағалау саласының теориялық ережелері арқау болды. Зерттеуде
әлеуметтану, кадр саясатын ұйымдастыру теориясы, персонал маркетингі,
еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек қауіпсіздігі, басқару шешімдерін әзірлеу
технологиялары саласындағы ғылыми еңбектер пайдаланылды.
Басқару еңбегінің тиімділігін бағалау өндіріс жүйесіне жан-жақты әсер
етеді және оның түпкілікті нәтижелерінде көрініс табады. Басқару еңбегінің
теориясы, әдіснамасы мен практикасы және оны бағалау проблемаларына
шетелдік экономистер: Клингнер Д., Вертер Дж., Гест Д.Е., Каминг М.,
Асвахаппа К., Сейфард Дж.Т., Аттвуд М., Эйлиберт Х., Ландей О., Чан Х.С.,
Бач С., Руссини Н.М., Келлой Дж.Е., Скотт В.Д., Уринов Б., Бродсгард К.Е.,
Монкс К. және т.б. орасан зор көлемде ғылыми еңбектерін арнады.
Басқарушы персоналдың нәтижелілігін бағалау мәселелерін, атап
айтқанда, кәсіпорында қабылданған басшы кадрлардың шешімдеріне ықпал
етудің жалпы мәселелерін зерттеуге ТМД ғалымдары мен зерттеушілері елеулі
үлес қосты. Олардың ішінде Н.П. Беляцкий, Е.А. Байков, Одегова Ю.Г.,
Руденко Г.Г., Зайцева Г.Г., Кантор В.Е., Шлендер П.Э., Лукашевич В.В.,
Мостовой В.Д., Артемьева А.Н., Соскина Я.Г., Дементьева А.Г., Соколова
М.И., Сербиновский Б.Ю., Бухалков М.И., Крутько В.Н., Н.М. Кузьминой, В.Ф.
Лазовский, В.Н. Гарькуша, Л.Д. Столяренко, Р.Г. Мумладзе, Руденко А.М.,
Котлярова В.В., Самыгина С.И., Абрамова М.А., Гришай В.Н., Скворцова Д.В.,
Тищенко А.В., Исаева О.М., Припорова Е.А., Литвинюк А.А., Лукашевич В.В.,
Котроткова Е.А., Красавина Е.В., Ледедина С.А., Карпенко Е.З., Тихонова А.А.,
Базарова Т.Ю., Бекова Х.А., Аксенова Е.А., Басария Т.В., Бреддик У., Асалиева
А.М., Мирзабалаева Ф.И., Алиева П.Р., Атаманчук Г.В., Виханский О.С.,
Наумова А.И., Атамұратова М.У., Микеладзе А.М., Синева Н.А. және т.б.
еңбектерін атап өтуге болады.
ҚР-да басқару персоналы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі
міндеттерге байланысты мәселелер, Түркебаева Э.А., Лепесбаева А.М.,
Берешев С.Х., Мергенбаева А.Т., Кальменова М.Т., Түсіпова Д.М., Құрмантаева
А.О., Смағұлова А.М., Джапарбаева Б.П., Нұрмағанбетова М.С., Күзекова А.А.,
Неміс Ю., Күлдурова Б.З., Құсайынова А.А., Әуеш А., Бегалиева Г., Искакова
М.К., Карабасова Р.А., Бейсембаева Г.М., Князова Г.Ж., Қамысбаева М.К.,
Омарбакиева Л.А., Ералина Э.М., Лесбаева Г.Т., Есенгельдина А.С., Мусина
А.Ж., Досымбаева А.Н., Жұмина Г.Е., Нұрмағанбетова М.С., Балтабек Д.Ж.,
Қаппасова И.Ж., Молдажанова Т. және т.б. жетекші ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылды.
Алайда, зерттеулердің осы бағытындағы жүргізілген әзірлемелерге
қарамастан, бұл міндетті ғылыми шешімі, әсіресе, басқарушы қызметкерлер
қызметінің нәтижелерін интегралдық бағалауда алуда жеткіліксіз күйінде
қалып отыр.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.