Page 23 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 23
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
II. Заңнаманы білу және қолдану мәселелері
Кейс: Жергілікті атқарушы органдарда кезексіз қызмет көрсету фактілері:
заңбұзушылықтар мен олардың салдары
Мәселе:
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жергілікті атқарушы органдардың
жауапты тұлғалары тарапынан лауазымды және басқа да ықпалды тұлғаларға
кезексіз қызмет көрсету фактілеріне жол беріледі.
Шешу жолдары:
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жергілікті атқарушы органдардың
жауапты тұлғалары тарапынан лауазымды және басқа да ықпалды тұлғаларға
кезексіз қызмет көрсету фактілері заң бұзушылықтар мен сыбайлас
жемқорлыққа әкелуі мүмкін. Мұндай әрекеттер мемлекеттік қызметтің
тиімділігін төмендетеді, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін
азайтады және әділетсіздік туындатады.
Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері негізінде
мемлекеттік қызмет көрсету барлық азаматтар үшін бірдей құқықтарға ие.
Кезексіз, артықшылықпен қызмет көрсету — мемлекеттік қызмет көрсету
тәртібінің бұзылуы болып саналады, сондықтан бұл мәселеге қатысты тиісті
шаралар қолданылады. Мұндай жағдайлар анықталған жағдайда жауапты
тұлғалар тәртіптік немесе заңды жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Дайындаған: Рысбаева Сауле Жаксыбаевна, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент
қаласы бойынша филиалының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты
Кейс: Бюрократия
Мәселе:
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы экономикасындағы жоғары су
сыйымдылығы мәселесінде табиғи су ресурстарының сарқылуына және кейбір
ластануына, оларды елдің агроөнеркәсіптік кешенінде пайдалану тиімділігінің
төмендігіне байланысты бірқатар аймақтарда проблемалар туындауда.
Су ресурстарын басқару саласына қатысты мемлекеттік мүдделі органдар
атқаратын әртүрлі функциялар қатарында қажетті үйлестірудің, сондай-ақ
инфрақұрылым объектілерін, коммуналдық қызметтерді, су
пайдаланушыларды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, пайдалануды жүзеге
асыратын ұйымдар тарапынан нормативтік талаптарды сақтау жүйесіндегі
23