Page 24 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 24
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
ашықтықтың, мониторинг пен бақылаудың жеткілікті жүйесінің болмауы
байқалады.
Су құбыры желілерінің ең жоғары тозу дәрежесі Алматы қ. (57%), Алматы
(58%), Шығыс Қазақстан (54%), Ақмола (52%), Ұлытау, Абай және Қарағанды
(51%) және кәріз желілері бойынша Ұлытауда (75%), Павлодар (74%), Шығыс
Қазақстан (72%), Қарағанды (68%) және Алматы (67%) қалаларында болып отыр.
Барлық деңгейдегі инфрақұрылым объектілерін түгендеудің жеткіліксіздігі
жоспарлау және инвестициялау саласында шешімдер қабылдаудың тиісті
негіздемесінің болмауына әкеледі.
Шешу жолдары:
ҚР су ресурстарын пайдаланудың АӨК секторы бойынша тиімділігін
арттыруға қатысты мынадай қажеттілік туындайды:
суару жүйесін жаңарту;
мелиорация жүргізу және топырақ сапасын арттыру;
тамшылатып суаруға көшу;
су тасқынын басқарудағы орталық мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдардың жауапкершілігін күшейту;
құрғақшылыққа төзімді дақылдарды өсіруді кеңейту.
Осы мәселелерді шешу мақсатында екі маңызды бағытты нығайту
ұсынылады:
Су ресурстарын тиімді пайдалануда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті
нығайту. Бүгінгі таңда халықаралық тәжірибеде суарудың инновациялық
технологияларына көшу мақсатында мемлекеттік-жеке меншік
бағдарламаларын қолдау әдістері кеңінен қолданылады. Бұған суару
технологияларының лизингі, техникаға қызмет көрсету және жөндеу,
дақылдардың жаңа түрлеріне тұқым беру, фермерлерді оқытуды қамтамасыз
ету, сондай-ақ кеңес беру қызметтері кіреді.
Су ресурстары бойынша білім беру саласын және кадрлық әлеуетті күшейту.
Су саласы үшін мамандар даярлау кезінде оқу орындарында оқыту
стандарттарын қайта қарау қажет. Қолданбалы инженерлік және
гидротехникалық пәндерге қажеттіліктің артуы, оқу сағаттары мен өндірістегі
практика санының артуы, гранттар санының көбеюі байқалады.
Жыл сайын ұлттық ақпараттық есеп жарияланады, онда өткен күнтізбелік
жылдағы елдегі судың жай-күйі, қорғалуы және пайдаланылуы туралы деректер
болады. Жаңа Су кодексінің жекелеген ережесі елдің су саласына инвестициялар
тартуды ынталандыруды көздейді. Су ресурстарын қорғау және пайдалану
саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарды
мемлекеттік қолдау жоспарлануда.
24