Page 14 - Кодекс
P. 14
● Зерттеуге қатысу туралы шешіміңіз Сіздің жұмысыңызға әсер етпейді,
өйткені нәтижелер Сіздің басшылығыңызға жіберілмейтін болады.
СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ:
● Сіздің зерттеуге қатысуыңыз ерікті түрде жүргізіледі.
● Кез келген уақытта зерттеуге қатысудан бас тартуға құқығыңыз бар.
● Бұл зерттеудің нәтижелері тек зерттеу мақсатында пайдаланылады.
● Нәтижелерді ғылыми немесе аналитикалық журналдарда жариялауға
болады (нәтижелер қай жерде ұсынылатынын көрсету керек (мысалы,
конференциялар, есептер).
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ:
● Жеке деректердің құпиялылығына кепілдік беріледі.
● Зерттеу нәтижелері жариялануы мүмкін, бірақ жарияланымдарда Сіздің
жеке тұлғаңызға қатысты ақпараттар көрсетілмейді.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
Егер Сізде сұрақтар туындаса, ......... (аты-жөні, лауазымы, байланыс
телефоны және электрондық мекенжайы көрсетіледі) хабарласыңыз.
Егер Сіз осы зерттеудің қалай жүргізілгеніне қанағаттанбасаңыз, Зерттеу
комитетіне (Институт/МСҰМ көрсету) ........ телефоны (нөмірді көрсету) бойынша
хабарласыңыз.
Егер сіз осы зерттеуге қатысуға келіссеңіз, төмендегі нысанға қол
қойыңыз:
● Мен осы нысанда баяндалған ақпаратпен мұқият таныстым;
● Мен зерттеу мақсаттары мен әдістері туралы ақпарат алдым;
● Мен сұхбаттың транскрипциялау/зерттеу мақсатында диктофонға
жазылатынын түсінемін;
● Мен барлық құпия ақпаратты тек зерттеуші пайдалана алатынын және
үшінші тұлғаларға көрсетілмейтінін түсінемін;
● Мен себебін көрсетпей, кез келген уақытта зерттеуге қатысудан бас тарта
алатынымды түсінемін;
● Барлығын толық түсініп, мен осы зерттеуге қатысуға келісемін.
Қолы: _________________________ Күні: ____________________
14