Page 10 - Кодекс
P. 10
30. Комиссия құрамына тәртіптік теріс қылық жасаған білім алушы оқитын ББ
білім алушылары енгізілуі мүмкін.
31. Білім алушылардың қолданыстағы заңнамада қылмыстық жауаптылық
көзделетін теріс қылықтар жасау фактілері анықталған кезде Институттар/МСҰМ
директорлары құқық қорғау органдарына жүгіну туралы шешім қабылдау үшін
Академияның академиялық қызмет жөніндегі вице-ректорын, ҚҚБ, ЗжҚҚБ-ны дереу
хабардар етуге міндетті.
32. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін білім алушыға бір ғана тәртіптік жаза
қолданылуы мүмкін. Тәртіптік жазаның түрі жасалған іс-әрекеттің дәрежесіне
байланысты болады.
33. Әрбір жағдайды қарау туралы материалдар хаттамамен ресімделіп, білім
алушының жеке ісінде сақталуы тиіс.
34. Білім алушылардың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жазаның мынадай
түрлері қолданылады:
- ауызша ескерту;
- сөгіс;
- жасалған теріс қылықты қоғамдық айыптау;
- Академиядағы оқудан шығару.
Білім алушыға тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық мынадай уақыттарда
шығарылмайды:
- білім алушының еңбекке уақытша жарамсыздығы;
- демалыс;
- білім алушының академиялық демалыста болуы.
Әдеп және академиялық адалдық кодексінің ережелерін жүйелі түрде
орындамау Институттар/МСҰМ директорларының академиялық қызмет жөніндегі
вице-ректорда білім алушының жеке ісін қарауға бастамашылық жасауы үшін негіз
болып табылады.
10.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен білім
алушылары/тыңдаушылары арасындағы қарым-қатынас өзара сыйластыққа, сенім
мен алқалылыққа негізделеді.
Академияның білім алушылары/тыңдаушылары тарихи маңызы бар
ғимаратта оқып жатқанын саналы түрде сезінуі, оған ерекше ықылас танытуы тиіс.
Осы Әдеп кодексінің ережелері Академияның барлық білім
алушылары/тыңдаушылары үшін міндетті.
Осы Әдеп кодексіне Академия Әкімшілігінің келісімі бойынша олардың
орындылығын, негізділігі мен маңыздылығын айқындайтын, кез келген білім
алушы/тыңдаушы ұсынған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Әдеп кодексі мерзімдері бойынша шектеусіз қолданылады.
10