Page 9 - Кодекс
P. 9

19.     Академия       қабырғасында        дайындалған       зерттеу      жобаларының
               жарияланымында Академияға тиісті сілтеме жасалуы қажет.

                             8. Әдеп және академиялық адалдық кодексін сақтамағаны үшін
                                                       жауапкершілік

                      20.     Академиялық адалдықты бұзу мәселелерін ұжымның кез келген мүшесі –
               білім алушы, оқытушы, қызметкер қоя алады, олар үшін әділеттілік қағидаттары мен
               сапалы  оқыту  мен  зерттеудің  құндылықтары  қызметтегі  басты  басымдық  болып
               табылады.
                      21.     Академиялық адалдықты бұзуға қатысты көтерілген кез келген мәселені
               Институттар/МСҰМ директораттары қарауы керек, олар академиялық адалдықты бұзу
               фактілерін  жан-жақты  зерделеу  және  әділ  бағалау  бойынша  барлық  қажетті
               шараларды қабылдауға міндетті.
                      22.     Білім алушылар оқуға түсу кезінде осы Әдеп кодексімен танысуы тиіс.
                      23.     Әдеп  кодексінің  нормаларын  білмеу  оларды  сақтамағаны  үшін
               жауапкершіліктен босатпайды.
                      24.     Осы  Әдеп  кодексінің  нормаларын  бұзған  Академияның  білім
               алушыларына осы Әдеп кодексінің ережелеріне және оқыту шартына сәйкес шаралар
               қолданылады.
                      25.     Институттар/МСҰМ         директораттары       мен     Академия      басшылығы
               академиялық  адалдықты  бұзудың  алдын  алу  және  оған  жол  бермеу,  оның  ішінде
               консультациялар  беру,  барлық  ББ  және  силлабустарға  академиялық  адалдық
               қағидаттарын енгізу арқылы білім алушыға қолайлы жағдайлар жасайды.

                                            9. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі

                      26.  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметшілерінің  Әдеп  кодексінің
               талаптарын  бұзуды  қоса  алғанда,  Әдеп  және  академиялық  адалдық  кодексінің
               талаптарын бұзу бұзушылыққа жол берген білім алушыға тәртіптік жазаны қолдану
               үшін  негіз  болып  табылады.  Тәртіптік  жаза  шарасын  таңдау  кезінде  тәртіптік  теріс
               қылықтың  ауырлығы,  оны  жасаудың  себептері  мен  мән-жайлары,  білім  алушының
               оған дейінгі мінез-құлқы, оның психофизикалық және эмоционалдық жағдайы, сондай-
               ақ МДК пікірі ескеріледі.
                      27.  «Ауызша  ескерту»  түріндегі  тәртіптік  жазаны  Институт/МСҰМ  директоры
               ауызша  түрде  жариялайды,  «сөгіс»,  «жасалған  теріс  қылықты  қоғамдық  айыптау»,
               «Академиядағы оқудан шығару» жазалары АСК ұсынымы негізінде  МДК өкілдерінің
               қатысуымен Академия ректорының тиісті бұйрығын шығару арқылы қолданылады.
                      28.  Білім  алушыға  тәртіптік  жаза  қолданылғанға  дейін  Институттар/МСҰМ
               директораттары  білім  алушыдан  оның  жіберген  бұзушылықтарының  мәні  бойынша
               жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті.
                      29.  Білім  алушының  жазбаша  түсініктеме  беруден  бас  тартуы,  сол  сияқты
               сабақта  болмағаны  немесе  шақырған  кезде  келмегені  үшін  оларға  жазбаша
               түсініктеме бермеуі тәртіптік жазаны қолдануға кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда
               Институттар/МСҰМ директоры ұйымдастырған комиссия тиісті акт жасайды. Комиссия
               құрамында Институттар/МСҰМ  қызметкерлері, заңгер және  ОПҚ қатарынан кемінде
               бес адам болады.



                                                                                                              9
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14