Page 1 - Документ
P. 1

«8D04113- Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша
                  доктор дәрежесін алуға ұсынылған «Мемлекеттік аппараттың ұйымдық
                  беделін       басқару»        тақырыбындағы              Қазақстан         Республикасы
                  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының
                  докторанты         Салтанат       Серікқызы         Аюбаеваның          диссертациялық

                  жұмысына

                                                            АҢДАТПА

                        Диссертация         тақырыбының             өзектілігі       Қазақстанда        кәсіби
                  мемлекеттік  аппарат  құру,  мемлекеттік  қызметке  жоғары  білікті  кадрларды
                  тарту, халық тарапынан сенімді нығайту, мемлекеттік ұйымдардың имиджін
                  арттыру  бойынша  жүргізіліп  жатқан  саясаттан  туындайды.  Жоғарыда
                  айтылғандардың  барлығы  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделін
                  жақсарту мәселесімен тығыз байланысты.
                        Ұйымдық беделге назар аудару тек ғылыми білім өндірісінде ғана емес,
                  сонымен  бірге  мемлекеттік  басқару  тәжірибесінде  де  байқалады.  Ұйымның
                  ұйымдық беделінің қалай қалыптасатынын, дамитынын, бағаланатынын және
                  нығаятынын түсіну қазіргі демократия жағдайында мемлекеттік басқарудың
                  маңыздылығын түсіну үшін негіз болып табылады.
                        Бұл  тұжырымдама  әртүрлі  стейкхолдерлердің  мемлекеттік  ұйымдарға
                  қатынасы олардың мемлекеттік ұйымдар қандай міндеттерді тиімді орындай
                  алатындығына  және  орындай  алмайтындығына  тікелей  байланысты  деп
                  болжайды.  Осылайша,  мемлекеттік  органдардың  беделі  ұзақ  уақыт  бойы
                  оның  стейкхолдерлері  (халық,  қызмет  алушылар,  бұқаралық  ақпарат

                  құралдары, саяси сарапшылар және т.б.) ұстанатын ұйымның қызметі туралы
                  қалыптасқан пікірмен сипатталады деп айтуға болады.
                        Зерттеу  тақырыбының  ғылыми  даму  дәрежесі.  Соңғы  жылдары
                  беделді  басқару  процестерінің  қалыптасуы  мемлекеттік  секторда  оның
                  қолданбалы  қолданылуын  ескере  отырып,  тәжірибешілер  де,  ғалымдар
                  тарапынан да кең қызығушылық тудырды. Мемлекеттік сектордағы беделді
                  басқару  саласында  бірқатар  жарияланымдар  болғанына  қарамастан,  қазіргі
                  уақытта осы саланы зерттеу үшін жүйеленген тәсіл жоқ.
                        Жаһандық        сын-қатерлердің         қазіргі     жағдайында         азаматтардың
                  мемлекеттік аппаратқа деген сенімін нығайту және мемлекеттік ұйымдардың
                  беделін  басқарудың  пәрменді  стратегиясын  қалыптастыру  қажеттілігі
                  туындайды,  бұл  зерттеушілер  мен  практиктер  үшін  мемлекеттік  секторды
                  басқарудағы беделді қалыптастыру мәселелерін зерделеуге серпін беруі тиіс.
                        Зерттеу  нысаны  Қазақстан  Республикасының  орталық  мемлекеттік
                  басқару органдарының ұйымдық беделі болып табылады.
                        Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік басқару
                  органдарының ұйымдық беделін қалыптастыру, бағалау және талдау болып
                  табылады.
                        Зерттеудің  мақсаты  –  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделін
                  арттыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу.
   1   2   3   4