Page 3 - Документ
P. 3

зерттеушілердің  ұйымдық  беделін  қалыптастыру  саласындағы  еңбектерін
                  қамтыды.
                        Осы  тақырыпқа  арналған  жұмыстардың  тақырыптық  талдауы  сапалы
                  талдау  нәтижесінде  анықталған  бедел  мәселелерінің  маңыздылығын
                  растайды.  Сипаттамалық  статистика  беделді  дұрыс  басқару  кезінде
                  мемлекеттік  органдардың  алдында  ашылатын  мүмкіндіктерді  анықтауға
                  мүмкіндік берді.
                        Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы басқару тетіктерінің
                  көмегімен  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделін  қалыптастыруға,
                  дамытуға және қолдауға біз әзірлеген кешенді тәсілден және тиісті ғылыми
                  негізделген нәтижелерден тұрады, олар мыналарды қамтиды:
                        -  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделі  ұғымының  теориялық
                  аспектілерін  оны  имидж,  паблисити,  бренд,  гудвилл  ұғымдарынан  шектей
                  отырып анықтау;
                        -  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделін  басқару  үшін  қажетті
                  тұжырымдаманы айқындау;
                        -  RepTrak  әдіснамасы  негізінде  отандық  мемлекеттік  аппараттың
                  ұйымдық беделін қалыптастыратын факторларды бағалау;
                        - мемлекеттік аппараттың ұйымдық беделін басқару моделін әзірлеу;
                        - мемлекеттік аппараттың ұйымдық беделін арттыру және қазақстандық
                  заңнамада тиісті терминологияны бекіту жөнінде ұсыныстар дайындау.
                        Қорғауға мынадай ғылыми ережелер шығарылады:
                        1)  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделі  ұғымының  имидж,
                  паблисити,  бренд  және  гудвилл  ұғымдарынан  ерекшеленетін  теориялық
                  аспектілері  анықталды.  Мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделі  ұғымын

                  тұжырымдау  ұсынылды:  әртүрлі  стейкхолдерлердің  мемлекеттік  басқару
                  органдарының  нәтижелері  мен  қызметі  туралы  бағалау  пікірлерінің
                  жиынтығы;
                        2) мемлекеттік аппараттың ұйымдық беделін басқару үшін қажетті тәсіл
                  айқындалған.  Мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделін  зерделеудің
                  ұйымдық  тәсілі  ұйымдық  беделді  қалыптастыру,  бағалау  және  талдау
                  мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұйымдық беделін арттыру
                  жөніндегі стратегиялар мен шараларды әзірлеуді қамтиды. Бұл тәсіл сыртқы
                  мүдделі  тараптарды  ғана  емес,  мемлекеттік  аппараттың  ішкі  мүдделі
                  тараптарын да зерттеуді көздейді;
                        3)  қызметтердің  сапасын,  инновацияларды,  еңбек  жағдайларын,
                  басқаруды,         стейкхолдерлермен           өзара       іс-қимылды,         мемлекеттік
                  қызметшілердің  бейнесі  және  нәтижелілігін  зерделеуді  қамтитын  RepTrak
                  жүйесі  негізінде  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделін  бағалау  жүйесі
                  айқындалған;
                        4)  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделін  басқару  моделі  әзірленді.
                  Бұл модель нақты мемлекеттік органға да, жалпы мемлекеттік аппаратқа да
                  қолданылуы  мүмкін.  Әзірленген  модель  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық
                  беделін бағалауды, ішкі мүдделі тараптар мен тәуекелдерді ескереді, осыған
   1   2   3   4