Page 2 - Документ
P. 2
Зерттеу міндеттері:
- мемлекеттік аппарат беделінің түсінігі мен мазмұнын айқындайтын
түрлі тәсілдерді зерделеу;
- мемлекеттік аппараттың беделін зерделеу үшін тұжырымдаманы
анықтау;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ұйымдық беделіне
әсер ету факторларына бағалау жүргізу;
- ҚР мемлекеттік аппаратының ұйымдық беделін басқарудың оңтайлы
модельдері мен тетіктерін анықтау;
- мемлекеттік аппараттың беделін арттыру бойынша практикалық
ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі құбылыстарды
олардың дамуында және олардың арасындағы қатынастарды ескере отырып
зерттеуге мүмкіндік беретін жалпы ғылыми әдістермен де, жеке ғылыми
аналитикалық әдістермен де ұсынылған (сипаттама, салыстырмалы талдау,
жүйелі шолу, іздеу стратегиясы, жүйелік талдау және т.б.).
Сипаттау және салыстыру әдістерінің көмегімен мемлекеттік
аппараттың ұйымдастырушылық беделін дамыту мен басқарудың отандық
және шетелдік тәжірибесі талданды. Заңнамалық актілер мен нормативтік
құжаттарды талдау үшін жүйелік-аналитикалық әдіс қолданылды. Бедел
ұғымына жақын ұғымдарды салыстырмалы талдау әдісін қолданған кезде
автор олардың айырмашылықтарын анықтау деңгейінде де, оларды
қалыптастыру тәсілдері тұрғысынан да көрсетуге мүмкіндік алды.
Зерттеудің сандық әдісі бедел деңгейін және оның қалыптасуына әсер
ететін факторларды анықтау мақсатында халыққа әлеуметтік сауалнама
түрінде қолданылды. Әлеуметтік сауалнама Google Forms қосымшасында
сауалнама нысанын құру және мессенджерлер арқылы сауалнама жіберу
арқылы жүргізілді. Дәл осылай ҚР МҚІА орталық аппаратының мемлекеттік
қызметшілеріне сараптамалық сауалнама жүргізілді, бұл негізгі
әлеуметтанулық зерттеу жүргізу үшін сапалы базаны қалыптастыруға
мүмкіндік берді.
Осы зерттеудің сапалы бөлігі «мемлекеттік аппараттың ұйымдық
беделі» ұғымы туралы түсініктерді тереңдетуге және өз беделін
қалыптастыруға байыпты көзқараспен мемлекеттік басқару органдарының
мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың ұйымдық беделі мәселелері бойынша
теориялық негіз мемлекеттік басқару саласындағы теориялық және
эмпирикалық зерттеулерді жүйелі жүргізу нәтижесінде қалыптасты.
Сонымен қатар, ұйымдық бедел ұғымын енгізу ғылыми білімді өндіру
мақсатында ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқару тәжірибесінде де
қолданылады.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында автор мемлекеттік
ұйымдардың ғана емес, сонымен қатар бизнес құрылымдар жүйесіндегі
ұйымдық беделді қалыптастырудың жалпы теориясының жалпы қабылданған
іргелі зерттеулеріне сүйенді. Зерттеу соңғы екі онжылдықтағы ғылыми