Page 4 - Документ
P. 4

байланысты беделді басқарудың қолданыстағы модельдерінен артықшылығы
                  бар;
                        5)  мемлекеттік  аппараттың  ұйымдық  беделін  арттыру  бойынша
                  ұсынымдар  әзірленді,  онда  мемлекеттік  қызметтің  құндылықтарын  ресми
                  бекіту; мемлекеттік қызметшілерді тиімді коммуникацияларды, оның ішінде
                  әлеуметтік желілерде құруды үйрету; әлеуметтік желілерде сауалнамалар мен
                  пікірлер  мониторингін  тұрақты  жүргізу;  ҚР  мемлекеттік  қызметшілерінің
                  қолданыстағы Әдеп кодексіне түсініктемелер әзірлеу қажеттілігі баяндалды.
                  Сонымен  қатар,  мемлекеттік  қызметшілердің  мемлекеттік  аппараттың  оң
                  беделін  сақтаудың  маңыздылығын  түсінуіне  ықпал  ететін  нормативтік
                  құқықтық сипаттағы ұсыныстар ұсынылды.
                        Зерттеудің теориялық маңыздылығы оның нәтижелерін мемлекеттік
                  аппараттың беделін қалыптастыру теориясын зерделеу процесінде пайдалану
                  мүмкіндігінен,  сондай-ақ  осы  нәтижелер  осы  бағыт  бойынша  қазақстандық
                  ғылымдағы лакуналарды толтырудан тұрады.
                        Зерттеудің  практикалық  маңыздылығы  Қазақстан  Республикасы
                  Мемлекеттік  қызмет  істері  агенттігінің  (бұдан  әрі  –  МҚІА)  және  басқа  да
                  отандық мемлекеттік органдардың тәжірибесінде, оларды дамыту жөніндегі
                  стратегияларды  құру  кезінде,  осы  бағыт  бойынша  нормативтік  құқықтық
                  актілерді  пысықтау  кезінде,  сондай-ақ  мемлекеттік  органдардың  беделін
                  арттыру  саласында  жаңа  тәсілдер  мен  шешімдерді  енгізу  үшін  ұсынылған
                  ұсынымдарды қолдану мүмкіндігінде жатыр.

                        Диссертациялық  зерттеу  нәтижелерін  апробациялау  және  оларды
                  енгізу.  Зерттеудің  жекелеген  ережелері  мен  нәтижелері  диссертациялық
                  зерттеу  тақырыбы  бойынша  ғылыми  мақалаларды  жариялау  барысында

                  сыналды. Автор 8 мақала жариялады, оның ішінде:
                        - Scopus дерекқорына кіретін ғылыми басылымда 1 мақала;
                        -  Қазақстан  Республикасы  Ғылым  және  жоғары  білім  министрлігінің
                  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитеті  ұсынған  ғылыми
                  басылымдарда 4 мақала;
                        - Халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында 3 мақала.
                        Диссертацияның  құрылымы  мен  көлемі.  Диссертация  мазмұннан,
                  белгілеулер  мен  қысқартулар  тізімінен,  кіріспеден,  үш  тараудан,
                  қорытындыдан, пайдаланылған көздер тізімінен және 5 қосымшадан тұрады.
                  Диссертацияның  жалпы  көлемі  компьютерлік  мәтіннің  158  бетін  құрайды.
                  Пайдаланылған дереккөздердің тізіміне 192 атау кіреді. Диссертация 60 сурет
                  пен 23 кестемен суреттелген.
   1   2   3   4