Page 2 - Аңдатпа
P. 2
тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиімді шешімдерді табуды талап етеді.
Сондықтан мал шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін
арттыруға бағытталған зерттеу тақырыбы азық-түлік қауіпсіздігі мен
Қазақстанның ауылдық аумақтарын орнықты дамыту міндеттерін шешу үшін
ерекше маңызға және өзектілікке ие болады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты – аймақта мал шаруашылығын
дамытудың экономикалық тиімділігін арттыру механизмін қалыптастыру
бойынша теориялық негіздемелерді, әдістемелік тәсілдерді және практикалық
ұсыныстарды әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
- мал шаруашылығын дамытудың және оның тиімділігін арттырудың
теориялық аспектілерін зерттеу;
- мал шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін анықтау
әдістемесін жүйелеу;
- мал шаруашылығын тиімді дамытудың шетелдік тәжірибесін талдау;
- Қазақстанда мал шаруашылығының ағымдағы жағдайын талдау және
дамыту үрдістерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың
экономикалық тиімділігінің проблемалары мен резервтерін анықтау;
- аймақта мал шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін
арттыру механизмін әзірлеу;
- аймақтың мал шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін
арттыру стратегиясын қалыптастыру.
Зерттеудің пәні мен объектісі.
Зерттеудің объектісі Қазақстан Республикасының мал шаруашылығы
болып табылады.
Зерттеудің пәні мал шаруашылығын дамытудың экономикалық
тиімділігін арттыру механизмін теориялық, әдістемелік және
ұйымдастырушылық қолдау болып табылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің әдістемелік негізі жүйелі және
статистикалық әдістемені, сондай-ақ экономикалық-математикалық модельдеу
және құрылымдық талдау әдістерін пайдаланатын зерттеулерден тұрады. Алға
қойған мақсаттар мен міндеттер келесі зерттеу әдістемесін қолдануға мүмкіндік
берді: байқау – объективті шындықтың құбылыстарын мақсатты қабылдау;
модельдеу – объектілердің, құбылыстардың, процестердің моделін құру және
зерттеу; талдау – объектіні компоненттерге бөлетін ғылыми зерттеулердің әдісі;
синтез – жеке элементтерді тұтастай біріктіруден тұратын ғылыми зерттеулер
әдісі; абстракция – бізді қызықтыратын қасиеттер мен қатынастарды көрсету
мақсатында зерттеудегі құбылыстың бірқатар қасиеттері мен қатынастарын
бөлетін ғылыми зерттеулердің әдісі; жалпылау – объектілер мен
құбылыстардың ортақ белгілері мен қасиеттерін көрсететін сипаттамалары мен
ерекшеліктерін айқында ғылыми зерттеу әдісі; индукция – жекелеген нақты
деректен жалпы ережеге қарай қозғалуға сүйенетін ғылыми зерттеу әдісі;
дедукция ғылыми зерттеулердің жалпы ережелерден жекелеген