Page 4 - Аңдатпа
P. 4
жасалды және дамуын болжау нәтижесінде мал шаруашылығы нарығы
субъектілерінің тиімді өзара іс-қимыл моделі әзірленді.
Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік
бағдарламаларға сәйкестігі. Зерттеу Қазақстан Республикасының ауылдық
аумақтарын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 270
қаулысы), Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың
2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысы) сәйкес келеді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
Диссертациялық жұмыста көрсетілген ережелер мал шаруашылығында
тиімділікті арттыру механизмін құру процесінде қолдануға болатын нақты
практикалық ұсыныстар мен кеңестер деңгейіне дейін жеткізілді. Аталған
ұсыныстар мен кеңестер мал шаруашылығы кешендерін дамытудың тиімділігін
объективті бағалауға, экономикалық қолдау көрсетуге және мал
шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін арттырудың үлгісін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әзірленген ұсыныстарды Түркістан облысы мал шаруашылығы кешенінің
кәсіпорындарында экономикалық тиімділікті арттыру бағыттарын әзірлеуде
үшін пайдалануға қабылданды. Алынған нәтижелерді практика жүзінде
пайдалану мүмкіндік береді:
- мал шаруашылығының экономикалық тиімділігін дамыту тетігін
әзірлеу әдістемесін анықтауға;
- аймақта мал шаруашылығын дамыту стратегиясын әзірлеу процесінде
объективті шешімдер қабылдауда;
- мал шаруашылығын дамыту қарқынын арттыру үшін қосымша
ынталандыру шараларын енгізуде.
Ізденушінің жұмысқа қосқан жеке үлесі мал шаруашылығын дамытудың
экономикалық тиімділігін арттыру механизмінің теориялық негіздерін
дамытудың ғылыми проблемасын шешу үшін әзірленген және негізделген
ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстар болып табылады.
Жұмыста ұсынылған нәтижелердің сенімділік дәрежесі ресми
дереккөздерін пайдалану, статистикалық талдау әдістерін және деректерді
автоматтандырылған өңдеу бағдарламаларының әлеуетін қолдану арқылы
расталады. Зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары мал шаруашылығы
кешенінің тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік және аймақтық
бағдарламаларда қолданылатын халықаралық конференциялардағы
баяндамалар ретінде сыналды, аймақтағы мал шаруашылығын дамыту
тәжірибесіне енгізілді.
Мақалада ұсынылған нәтижелердің сенімділік дәрежесі ресми деректер,
статистикалық талдау әдістерін қолданумен және деректерді автоматты өңдеу
бағдарламаларының әлеуетімен расталды. Зерттеудің нәтижелері мен
тұжырымдары аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда қолданылатын
халықаралық конференциялардағы баяндамалар түрінде сыналды.