Page 3 - Аңдатпа
P. 3
тұжырымдарға жылжу әдісі; жүйелік талдау – басқарушы кадрлардың
нәтижелігін бағалау өлшемшарттарының жүйесінің құрамы мен құрылымын
анықтау мен негіздеу.
Қорғауға шығарылатын ережелер мен зерттеудің негізгі
нәтижелерінің сипаттамасы:
1. Мал шаруашылығының тиімділігіне әсер ететін жағдайларды ескеретін
мал өнімділігі көрсеткіштерінің критерийлері бойынша жүйесі.
2. Азық-түлікке өнімдеріне сұраныстың артуы, технологиялардың дамуы,
климаттың өзгеруі, органикалық және тұрақты мал шаруашылығына
қызығушылықтың артуы, халықаралық сауда, инвестициялардың өсуі және
жаңа нарықтарды дамыту сияқты үрдістер аясындағы мал шаруашылығының
даму перспективалары.
3. Қазақстандағы мал шаруашылығы тиімділігін арттыратын өндірісті
қарқындату, малдардың отарын басқаруды жақсарту, тұқымды асылдандыру
ісін және инфрақұрылымды дамыту, персоналдың біліктілігін арттыру, ғылыми
зерттеулерді қамтитын резервтер.
4. Ресурстарды өзара әрекеттесудің бірыңғай механизміне жинақтау,
талдау әдістерінің жүйелендірілген жиынтығын қолдану және мал
шаруашылығын тиімді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу еттіктерінен тұратын
аймақтағы мал шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін арттыру
механизмі.
5. Аймақтағы мал шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін
арттыру стратегиясы және мал шаруашылығы кәсіпорындарының,
инвесторлардың, ғылыми-өндірістік кешендер мен мемлекеттің тиімді өзара іс-
қимыл моделі.
Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының
негіздемесі:
1. Мал шаруашылығын дамыту процесінің теориялық зерделеу негізінде
мал шаруашылығы тиімділігінің түрлері топтастырылды және мал
шаруашылығын дамытудың тиімділігін рейтингтік бағалауды кезеңдерін
анықтау нәтижесінде мал өнімділігі көрсеткіштерінің критерийлері бойынша
жүйесі жасалды.
2. Мал шаруашылығын тиімді дамытудың әлемдік тәжірибесін зерттеу
негізінде жаһандық мал шаруашылығы нарығының үрдістері мен
перспективалары анықталды.
3. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығының дамуына
жасалған SWOT-талдау негізінде мал шаруашылығы дамуының тиімділігін
арттырудың резервтері анықталды.
4. Мал шаруашылығында экономикалық тиімділік тұжырымдамасын
қалыптастыру алгоритмін жасау негізінде аймақтағы мал шаруашылығын
дамытудың экономикалық тиімділігін арттыру механизмі жасалды.
5. Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін
арттырудың негізгі бағыттарын анықтау негізінде аймақтың мал
шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігін арттыру стратегиясы