Page 1 - Document
P. 1

«8D04110-Экономика»  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  философия
                  докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақстан Республикасының
                  жеңіл  өнеркәсібінің  тұрақты  даму  стратегиясын  қалыптастыру:  теория,
                  әдіснама,  практика»  тақырыбындағы  М.Әуезов  атындағы  Оңтүстік
                  Қазақстан           университетінің            докторанты           Мұхан          Бахытжан
                  Сабитуллаулының диссертациялық жұмысына

                                                           АҢДАТПА

                         Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі  Қазіргі  таңда  әлем  елдерінің
                  экономикалық  жүйелері  ішкі  және  сыртқы  орта  факторларының  белгісіз,
                  құбылмалы  және  тұрақсыздығы  жағдайында  қызмет  етуде.  Ғылыми-
                  техникалық  прогрестің  жоғары  қарқындары,  ішкі  және  сыртқы  нарықтардағы
                  бәсекелестіктің        артуы,      тауар     ағындарының          өзгеруі      экономикалық
                  субъектілердің        икемділігін,       олардың       ұтқырлығын         және      нарықтық
                  жағдайлардың  өзгеруіне  жылдам  жауап  қата  білу  дағдысын  қалыптастыруға
                  ықпал  етеді.  Бұған  көбінесе  басқаруда  микро-  және  макродеңгейлерде
                  стратегиялық  тәсілді  қолдану  ықпал  етеді.  Кәсіпорынның,  өнеркәсіптің  және
                  жалпы экономиканың даму стратегиясын дұрыс құра білу олардың төзімділігі
                  мен тұрақтылығының кепілі болып табылады.
                         Сонымен        қатар,     экономикалық         өсудің     жоғары       қарқындылығы
                  ресурстарды пайдаланудың артуына, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың
                  ұлғаюына және экологиялық проблемалардың шиеленісуіне әсер ететіндіктен,
                  пайдаланылатын  даму  стратегияларын  қайта  қарауды  талап  етеді.  Қазіргі
                  қалыптасқан  жағдайда  жеке  кәсіпорынның  да,  экономиканың  барлық
                  секторларының  даму  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  болашақты  стратегиялық

                  жоспарлауда  алдыңғы  қатарға  шығады.  Тұрақтылықтың  қолайлы  деңгейін
                  қамтамасыз  ету  жеке  саланы  дамыту  стратегиясын  әзірлеу  кезеңінде
                  туындайды,  сөйтіп  бүкіл  елдің  бәсекеге  қабілеттілік  деңгейін  арттыруға
                  мүмкіндік  береді.  Осыған  байланысты  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында
                  ғалымдар  мен  мамандардың  назарын  өзіне  аударта  бастаған  дамудың
                  тұрақтылығы мәселесі ерекше өзекті мәселе болып табылады.
                         Тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ету  мәселелері  жаһандық  немесе  ұлттық
                  экономика  деңгейінде  кеңінен  таралған.  Сонымен  қатар  экономиканың
                  жекелеген секторларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселесі де шешуді
                  қажет  етеді.  Қазақстан  Республикасының  өнеркәсібі  экономиканың  жетекші
                  саласы болып табылады. Сонымен қатар, әр түрлі салаларды тұрақты дамыту
                  мәселесі  қашаннан  бері  көтеріліп  келеді.  Бұл  мәселе  шешілсе  елдің
                  халықаралық  деңгейде  рейтингі  жоғарылайтын  еді.  Сонымен  қатар,
                  экономиканың ең стратегиялық маңызы бар секторларын мысалы, жеңіл және
                  азық-түлік  өнеркәсібі  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  мәселесі  халықтың  әл-
                  ауқатын қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше көкейкесті болып отыр.
                         Әлемнің  көптеген  елдерінде  жеңіл  өнеркәсіп  мемлекеттік  бюджет
                  кірістерінің  басым  бөлігін  құрайтын  және  экономикалық  дамудың
                  катализаторы  ретінде  әрекет  ететін  негізгі  сала  болып  табылады. 1990  жылға
   1   2   3   4   5   6