Page 6 - Document
P. 6

4.  Қазақстандағы  жеңіл  өнеркәсіп  кәсіпорындарын  тұрақты  дамытудың
                  институционалдық  қолдау  моделі,  сондай-ақ  оның  стратегиялық  бағыттарын
                  іске асыру алгоритмі.
                         5.  Мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік  негізінде  іске  асатын  жеңіл
                  өнеркәсіпті тұрақты дамыту стратегиясын іске асыру механизмі.
                         Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы.
                         Зерттеудің  теориялық  маңыздылығы  зерттеу  барысында  алынған
                  теориялық  ережелер  салаларды  тұрақты  дамыту  саласындағы  отандық
                  ғылымды толықтырады және дамытады. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы
                  қазіргі  заманғы  нарықтық  ортаға  сәйкес  келетін  тұрақты  даму  жағдайында
                  жеңіл  өнеркәсіпті  мемлекеттік  реттеу  жүйесінің  параметрлерін  мемлекеттік,
                  өңірлік және  салалық деңгейлерде  қалыптастыруға  мүмкіндік беретін бағалау
                  әдістемесін,  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ету  механизмі  мен  құралдарын
                  әзірлеу болып табылады.
                         Зерттеу нәтижелерін апробациялау және оларды енгізу.
                         Диссертациялық  зерттеудің  негізгі  тұжырымдары  мен  ұсыныстары
                  халықаралық  конференциялардағы  баяндамаларда  талқыланды  және  көрініс
                  тапты:  Proceesing  VII  International  Conference  «Industrial  Technologies  and
                  Engineering»  ICITE  –  2020  (M.Auezov  South  Kazakhstan  University,  Shymkent),
                  Proceesing VII International Conference «Industrial Technologies and Engineering»
                  ICITE  –  2021  (M.Auezov  South  Kazakhstan  University,  Shymkent),  э.ғ.д.
                  профессор  Р.К.  Ниязбекованың  70  жылдық  мерейтойына  арналған
                  «Цифрландыру          дәуірінде      Қазақстан       Республикасының           экономикасын
                  дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-
                  практикалық конференция (Шымкент), "Әлеуметтік  -экономикалық жүйелерді
                  басқарудың  инновациялары"  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция

                  (Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Мәскеу, Ресей).
                         Диссертацияда  алынған  нәтижелер  10  ғылыми  мақалада  жарияланды,
                  оның  ішінде:  Scopus  индекстелген  дерекқорындағы  2  мақала  (бір  мақала
                  бойынша жарияланған кезіндегі процентиль 44 құрады); ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК
                  ұсынған  басылымдарда  3  мақала;  халықаралық  ғылыми  конференциялар
                  материалдарында 4 мақала-; 1 оқу құралы.
                         Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері «Бал Текстиль» ЖШС кәсіпорнында
                  ендірілді.
                         Жұмыстың  құрылымы  мен  көлемі  тақырыптың  мазмұнынан,
                  зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттерінен,  қарастырылып  жатқан  мәселелердің
                  сипатына  байланысты.  Диссертация  кіріспеден,  үш  бөлімнен,  соның  ішінде  8
                  параграфтан,  қорытындыдан,  162  атаудан  тұратын  пайдаланылған  әдебиеттер
                  тізімімен, 3 қосымшалардан тұрады. Диссертация мәтіні 114 бетте баяндалған,
                  31 сурет пен 19 кестені қамтиды.
   1   2   3   4   5   6