Page 2 - Document
P. 2

дейін  жеңіл  өнеркәсіп  экономикалық  дамудың  драйверлерінің  бірі  болды.
                  Тәуелсіздік  жылдарында  қазақстандық  жеңіл  өнеркәсіп  өз  орнын  біршама
                  жоғалтып  қойғандықтан,  тұрақты  дамыту  стратегиясын  әзірлеуді  және  іске
                  асыруды талап етеді.
                         Қазақстан  үшін  қазіргі  таңда  жеңіл  өнеркәсіпті  дамыту  басым
                  бағыттардың  біріне  жатады.  Оның  негізгі  себебі  аталған  сала  қоғам  үшін
                  әлеуметтік маңыздылығы ерекше болуында. Шикізатты ұлғайту және өңдеудің
                  дәстүрлі  технологияларын  қолдану  арқылы  жоғары  деңгейде  жұмыспен
                  қамтуды қамтамасыз ете отырып, экономиканың бұл саласы бүкіл республика
                  бойынша тұрақты даму принциптерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
                  Осы  аталған  себептер  жеңіл  өнеркәсіпті  Қазақстан  экономикасының
                  дамуындағы  стратегиялық  маңызы  бар  сала  ретінде  тұрақты  дамыту  тетігін
                  әзірлеу қажеттілігін тудыратындығы сөзсіз. Ол үшін тұрғындар санының ұдайы
                  тұрақты өсуі негізгі алғышарт болып табылады және ары қарай жеңіл өнеркәсіп
                  өнімдеріне сұраныстың артуына оң әсер етеді.
                         Әлемдік  экономиканың  дағдарысы  біршама  тұрақты  ахуалға  көшуді
                  жүйелеу  мүмкіндіктерін  анықтады.  Трансформациялық  өзгерістердің  негізі
                  қоршаған  ортаға,  сонымен  қатар  қолда  бар  ресурстарға  үнемді  және  мұқият
                  қарым-қатынаста  болу  керек.  Адамзаттың  қажеттіліктері  шексіз  екенін
                  ескеретін болсақ, қолда бар ресурстардың ықтимал әлеуеті оларды өндіру және
                  өңдеу  көлемі  тұрғысынан  шектеулі  екенін  де  ұмытпаған  жөн.  Соның
                  салдарынан ел дамуының стратегиялық перспективаларын оның тұрақты даму
                  тұрғысынан  қайта  бағалау  қажеттілігі  туындады.  Адамзаттың  қаржылық
                  жағдайын табиғи ортаға зиян келтірмей, тиімді қалпына келтіруді қамтамасыз
                  ету қажет.
                         Сондықтан диссертациялық зерттеудің тақырыбы  «Цифрландыру, ғылым

                  және  инновациялар  арқылы  технологиялық  серпіліс»,  «Жасыл  Қазақстан»,
                  «Күшті өңірлер - ел дамуының қозғаушы күші», 2021–2025 жылдарға арналған
                  кәсіпкерлікті дамытудың  ұлттық  жобаларында, сондай-ақ Мемлекет басшысы
                  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  «Әділетті  Қазақстанның  экономикалық  бағыты»
                  Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру қажеттілігін
                  ескере отырып өзекті және уақытылы болып табылады.
                         Зерттеу мәселесінің ғылыми дамуы. Экономиканың стратегиялық және
                  тұрақты  даму  проблемаларын  зерттеуге  арналған  еңбектер  шетелдік  және
                  отандық ғалымдардың жұмыстарында көптеп кездеседі.
                         Даму  стратегиясын  әзірлеу  мәселелеріне  шетелдерде  баса  назар
                  аударылады.  Аталған  мәселелермен  И.  Ансофф,  Г.  Минцберг,  М.  Портер,  А.
                  Чандлер, Л.И. Абалкин, О.С. Викханский, А.П. Градов, В.М. Полтерович және
                  басқа ғалымдар айналысқан. Стратегияны қалыптастырудың кейбір аспектілері
                  Б.Т.Жұмағұлов,  О.С.Сәбден,  Я.А.Әубәкіров,  А.К.Қошановтың  еңбектерінде
                  кездеседі.
                         Әлеуметтік-экономикалық                жүйелердің           тұрақты          дамуының
                  тұжырымдамалық  негіздерін  қалыптастыруға  А.Г.  Аганбегян,  Т.А.  Акимова,
                  О.С. Пчелинцев, А.Г. Гранберг, П.К. Гринберг, А.Г. Грязновна, В.И. Данилов-
                  Данильян, Б.К. Злобин, Н.Н. Лукьянченков, И.Н. Омельченко, В.Ф. Парфенов,
   1   2   3   4   5   6