Page 1 - Аннотация
P. 1

«8D04113- Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша
                  доктор  дәрежесін  алуға  ұсынылған  «Қазақстанда  жоғары  білім  беру
                  сапасын  қамтамасыз  ету  жүйесін  мемлекеттік  басқаруын  жетілдіру»
                  тақырыбындағы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы
                  Мемлекеттік басқару академиясының докторанты  Шынар Кайратовна
                  Сулейменованың диссертациялық жұмысына

                                                             АҢДАТПА

                        Диссертация  тақырыбының  өзектілігі.  Бүгінгі  таңда  біздің  еліміз
                  жаһандану мен цифрландырудан туындаған жаңа халықаралық,  әлеуметтік-
                  экономикалық,  саяси  жағдайларда  дамуда.  Бұл  жағдайда  ел  экономикасын
                  дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жоғары білім сапасы ерекше
                  орын алады.
                        2021 жылы білім сапасы бойынша елдердің рейтингісінде Қазақстан 93
                  елдің ішінен 62-ші орынды иеленді. Индекс мемлекеттік білім беру жүйесін
                  бағалауды,  студенттердің  жоғары  оқу  орындарында  оқуға  дайындығын,
                  жоғары       оқу     орындарын         қаржыландыруды,           әртүрлі      халықаралық
                  рейтингтерде белгіленген жоғары оқу орындарының санын қамтиды.
                        Бұл,  ең  алдымен,  Қазақстанның  жоғары  білім  сапасын  қамтамасыз  ету
                  жүйесін  мемлекеттік  басқаруда  ұзақ  уақыт  бойы  сақталып  келе  жатқан
                  жүйелі проблемалардың болуына байланысты.
                        Мәселен,  жоғары  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету  жүйесін
                  реформалау  процестері,  сапаны  бағалаудың  нормативтік-құқықтық  базасы
                  мен  ұлттық  жүйесін  құру,  жоғары  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету
                  жүйесін  басқару  әлі  де  мемлекеттің  құзыреті  болып  табылады,  ал  оған
                  мүдделі тараптардың қатысуы декларацияланған сипатта болады.
                        Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесіндегі мемлекеттік басқару
                  негізінен нақты көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізуге бағытталған,
                  көптеген жағдайларда аккредиттеу органдарының білім беру бағдарламалары
                  мен  жоғары  оқу  орындарын  бағалауын  және  олардың  қызметін  талдауды
                  ескермейді.  Бұдан  басқа,  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  стандарттары
                  жоғары       білім     беруді     реттейтін      нормативтік-құқықтық           актілермен
                  үйлестірілмеген, бұл білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен өзара іс-
                  қимылды  қамтамасыз  етпейді.  Университеттердің  өздері  ішкі  сапаны
                  қамтамасыз  ету  жүйесінің  мүмкіндіктері  мен  принциптерін  әлі  толық  және
                  нақты пайдаланбайды.
                        Осылайша,  жоғары  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету  жүйесін
                  басқаруды  жетілдіру  және  мамандарды  сапалы  даярлаудағы  проблемалық
                  мәселелерді  шешу  үшін  жаңа  тәсілдерді  анықтау  қажеттілігі  зерттеу
                  тақырыбының өзектілігін анықтайды.
                        Зерттеу  тақырыбының  ғылыми  даму  дәрежесі.  Жоғары  білім  беру
                  сапасын  қамтамасыз  ету  жүйесін  басқару  саласына  шетелдік  және
                  қазақстандық  ғалымдардың  көптеген  жарияланымдары  арналған.  Сонымен

                  қатар,  талдау  көрсеткендей,  ғылыми  еңбектер  тұжырымдамалық  аппарат,
   1   2   3   4   5