Page 3 - Аннотация
P. 3
комитетінде практикадан өту және Масариков университетінде (Прага)
тағылымдамадан өту, сондай-ақ жоғары білім беруді дамыту жөніндегі
ұлттық орталықтың бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасына
қатысу кезінде алынған материалдар мен деректер қолданылды.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы жоғары білім
сапасын қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік басқаруды кешенді талдау
негізінде ғылыми негізделген нәтижелер алынғандығында, олар мыналарды
қамтиды:
- «жоғары білім сапасын қамтамасыз ету» авторлық тұжырымдамасын
анықтау;
- жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін басқару әдістерін
жүйелеу, «жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін басқару»
тұжырымдамасының авторлық түсіндірмесі ұсынылды;
– жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін басқару саласын
дамытудың міндеттері мен бағыттарын айқындау;
– жоғару оқу орындарының автономиясын кеңейту жағдайында жоғары
білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін басқарудың жаңа құрылымын әзірлеу;
- жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін басқаруды жетілдіру
бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Қорғауға мынадай ғылыми ережелер шығарылады:
1) Сапаны қамтамасыз ету білімнің сапасын үздіксіз жетілдіру
мәдениетіне жету үшін нақты мақсаттар мен процестерді белгілеу арқылы
сол мәдениетке қол жеткізу мен барлық мүдделі тараптардың үміттерін
қанағаттандыруға бағытталады. Мұндай ортаны қалыптастыру үшін заңнама
нормаларын бірыңғай түсіндіру және құқық қолдану практикасында
бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету маңызды. Теориялық негіздер мен
заңнаманы талдау нәтижесінде «жоғары білім сапасын қамтамасыз ету»,
«жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі» және «жоғары білім сапасын
қамтамасыз ету жүйесін басқару» сияқты жоғары білім сапасын қамтамасыз
ету саласындағы негізгі тұжырымдамаларды «Білім туралы» ҚР Заңына
енгізу қажеттілігі дәлелденді.
2) Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамыту жөніндегі
шетелдік тәжірибені талдау арқылы ішкі сапаны қамтамасыз етудің тиімді
жүйесі бар жоғары оқу орындарының өздеріне беру және жоғары оқу
орындары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу сияқты оң басқару
шешімдерді ретрансляциялау мүмкіндігін берді. Уәкілетті органнан кәсіби
тәуелсіз болатын, аккредиттеу органдарын тану жөнінде тәуелсіз шешімдер
қабылдайтын және сапаны бағалау мен басқару бойынша жоғары оқу
орындарына қолдау көрсететін ұлттық орган жоғары білімнің сапасын
қамтамасыз етуді басқару жүзеге асырады.
3) Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік
басқаруды талдау және әлеуметтанулық зерттеулер нәтижелері негізінде
профилактикалық бақылау мүдделі тараптардың қатысуын шектейтін, білім
беру субъектілерін шығармашылыққа жеткілікті түрде ынталандырмайтын
және олардың жоғары сапаға қол жеткізуге бағытталған бастамаларын