Page 2 - Аннотация
P. 2
білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру және құру,
елімізде аккредиттеуді дамыту мәселелеріне арналған. Осы салада бірқатар
ғылыми жұмыстардың болғанымен, жоғары оқу орындарының дербестігін
біртіндеп кеңейтуді ескере отырып, жоғары білім сапасын қамтамасыз ету
жүйесін басқару мәселесін жан-жақты зерттеуге бағытталған кешенді зерттеу
жоқ.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасының жоғары білім
сапасын қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін
басқару болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін
басқаруды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
– жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік
басқарудың теориялық-әдіснамалық негіздері мен әдістемелік тәсілдерін
қарастыру;
– жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін басқарудың шетелдік
тәжірибесін зерделеу;
- Қазақстандағы жоғары білім сапасын мемлекеттік бақылау мен
реттеудің қазіргі жай-күйін зерттеу;
- Қазақстанда жоғары білім сапасын сыртқы және ішкі қамтамасыз ету
жүйесіне талдау жүргізу;
– жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік басқаруды
жетілдіру үшін ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі жоғары білім беруді
мемлекеттік басқару, жоғары білім сапасын бағалау, бақылау және
қамтамасыз ету саласындағы шетелдік және қазақстандық ғалымдардың
монографиялары, ғылыми еңбектері, мақалалары мен жарияланымдары
болды.
Жұмыста теориялық және эмпирикалық әдістері ретінде нормативтік
құқықтық актілерді талдау, салыстырмалы талдау, сараптамалық сауалнама
және сұхбат қолданылды.
Диссертациямен жұмыс барысында таңдалған мәселе бойынша ғылыми
әдебиеттер, жоғары білім, оны бағалау және сапаны қамтамасыз ету
саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер, ҚР
жоғары білім және оның сапасын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік
саясатының стратегиялық құжаттары , жоғары білім саласындағы уәкілетті
мемлекеттік органның ресми деректері, есепті және талдамалық
материалдары, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз
ету комитетінің ақпараты, статистикалық деректер, халықаралық ұйымдар
сайттарының материалдары, аккредиттеу органдарының материалдары,
қазақстандық зерттеу ұйымдарының жарияланымдары зерделенді және
талданды.
Сондай-ақ, диссертацияда 2022 жылы Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету