Page 4 - Аннотация
P. 4
ынталандырмайтын бюрократияланған және ресімделген рәсім болып
табылатыны дәлелденді.
4) Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін талдау нәтижелері
оны барлық субъектілер жұмыс істеуіне, дамуына ықпал ете алатын және
басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасауға
жауапты болатын мемлекет, аккредиттеу органдары мен жоғары оқу
орындары мүдделерінің өзара іс-қимыл саласы ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді. Осыны ескере отырып, әртүрлі деңгейдегі
стейкхолдерлердің өзара іс-қимылы негізінде жоғары білім сапасын
қамтамасыз ету жүйесін басқарудың жаңа құрылымы қалыптасты. Бұл
құрылым жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығын
көрсетуге, құқықтық және басқарушылық шешімдерді әзірлеуде, бекітуде
және іске асыруда білім беру саясатының барлық мүдделі тараптарының
қатысуын кеңейтуге және рөлін күшейтуге, сондай-ақ оңтайлы жұмыс істеуі
мен дамуына үшжақты жауапкершілікке көшуге бағытталған;
5) Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі басқаруында цифрлық
технологияларды, оның ішінде деректерді талдауды қолдану сенімді
эмпирикалық негізді қамтамасыз етуге, жасырын заңдылықтар мен өзара
байланыстарды анықтауға, деректердің маңызды корреляциясын түсіруге,
талдауға және генерациялауға, деректерді пайдалана отырып тәуекелдерді
кабинеттік талдауға негізделген «тәуекелге ұшыраған» ЖОО-ларды
айқындауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл жоғары оқу орындарының білім беру
бағдарламаларының қызметі мен мазмұны туралы мәліметтердің
қайталануын болдырмайды және барлық мүдделі тараптарға бір көзден
ақпарат алуға мүмкіндік береді, мемлекеттік бақылаудан жоғары оқу
орындарының кеңейтілген дербестігімен білім беру сапасын қамтамасыз
етудің өзін-өзі реттейтін жүйесіне көшу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз
етеді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы осы материалды жоғары білім
сапасын қамтамасыз ету жүйесін басқару тақырыбы бойынша өзекті ақпарат
пен тұжырымдардың көзі ретінде пайдаланудан тұрады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы жоғары білім беру сапасын
қамтамасыз ету жүйесін басқару саласындағы саясат пен стратегияны
қалыптастыру кезінде, заң жобаларының нормалары мен ережелерін және
жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласына қатысты басқа да
нормативтік актілерді әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың зерттеуді
пайдалану мүмкіндігінде жатыр.
Диссертациялық зерттеу нәтижелерін апробациялау және оларды
енгізу. Диссертациялық зерттеу аясында 5 ғылыми жұмыс дайындалып,
жарияланды: 1 мақала – Scopus дерекқор журналында, 3 мақала – Қазақстан
Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, «Жоғары
білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі: ұлттық модельдің реинжинирингі»
атты бірлескен авторлық монографиясы. Бұдан басқа, практикадан өту
нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім