Page 1 - Документ
P. 1
6D051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша
бейіні бойынша доктор дәрежесін ізденуге ұсынылған Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының докторанты Утепов Арман Тлеулесовичтің «Қазақстан
Республикасында басқарушылық шешімдерді қабылдауда экожүйелік
тәсілді дамыту» тақырыбындағы докторлық диссертациясына
АНДАТПА
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Басқару шешімдерін қабылдауда
экожүйелік тәсілді дамыту барлық Тұрақты даму мақсаттарының буыны бола
отырып, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму күн тәртібінде
БҰҰ белгілеген басым бағыттардың бірі болып табылады.
Қазақстанның экожүйелері халықты өмірлік маңызды қызметтердің
үлкен спектрімен қамтамасыз ететінін, бірақ олардың көпшілігі ішінара
тозғанын ескере отырып, табиғатты пайдалануды реттеудің прогрессивті
экономикалық құралдарын енгізу кезек күттірмейтін міндет болып табылады.
Йель университетінің 2020 жылы берген елдердің экологиялық
көрсеткіштерін бағалау нәтижелері бойынша 180 елдің ішінде Қазақстан
Экологиялық тиімділік индексінде (EPI) 85-ші орынға ие болды.
Қазақстан өз экологиялық проблемаларын шешу үшін халықаралық
ұйымдардың әлеуетін және әлемдік тәжірибені пайдаланудың мақсаттылығы
мен нақты мүмкіндігіне негізделген экологиялық заңнаманы жетілдіру,
тұрақты даму тәсілдерін белсенді түрде дамытуда.
2021 жылғы шілде айынан бастап Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс
қолданылыста, онда экологиялық қатынастарды реттеудің негізгі
қағидаттарының бірі экожүйелік тәсіл болып белгіленді.
Осылайша, іске асыру нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйі үшін
теріс салдарлар туындайтын немесе туындауы мүмкін шешімдерді
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жоспарлау және қабылдау
кезінде табиғи экологиялық жүйелердің, тірі организмдердің, табиғи
ландшафттардың, өзге де табиғи, табиғи-антропогендік және антропогендік
объектілердің тұтастығы мен табиғи өзара байланыстары және табиғи тепе-
теңдікті сақтау қажеттілігі ескерілуге тиіс.
Жоғарыда көрстілгендер осы диссертация тақырыбын таңдауға негіз
болды.
Зерттеу мәселесінің ғылыми дамуы.
Мәселенің ғылыми пысықталу дәрежесі оның қазақстандық ғылым үшін
жаңалығымен, әлсіз ғылыми-әдістемелік базасымен және мемлекеттік басқару
жүйесінде экожүйелік тәсілді пайдалану тетіктерімен айқындалады.
Қазақстанда экожүйелік көзқарас шеңберінде басқарушылық
шешімдерді қабылдаудың ерекшеліктері мен мәселелері соңғы уақытқа дейін
іс жүзінде зерттелмеген. Экожүйелік тәсіл негізінде мемлекеттік органдардың
басқарушылық шешімдер қабылдауының практикалық жағдайларының
сипаттамасы жоқ.