Page 5 - Документ
P. 5
тәсілдің дамуына әсер ететін факторлар анықталды және диагностикаланды.
Кейс-стади және геймификацияны пайдалана отырып, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарының экожүйелік көзқарасты білу
және түсіну деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірленді. Типтік оқу
бағдарламасына білім беру ұйымдарына қосымша экологиялық білім беру
бөлігінде ұсыныстар дайындалды.
Тәжірибелік мысалдар (жағдайлар) арқылы Астана қаласының қала
құрылысын салуда экожүйелік тәсілді қолдану тәсілдері іс жүзінде тексерілді.
Астанада қала құрылысын салуда тиімді басқару шешімдерін қабылдауды
негіздеу үшін автор жүргізген экожүйелік қызметтерді экономикалық бағалау
қала құрылысын салуда экожүйелік қызметтерді бағалауды есепке алу басқару
шешімдерінің экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін
көрсетті. Саналы шешімдер қабылдау үшін ғылыми ақпаратты түсіндіру
ретінде экожүйе қызметтерін бағалау әдістерін қолдану маңызды. Мәдени
компонентті анықтау мен ескеруді ескере отырып, экожүйелердің
құндылығын анықтауда пәнаралық кешенді тәсілдің маңыздылығын
көрсетілді.
Кіші Талдыкөл көлдер жүйесін сақтау жөніндегі шиеленістердің
қалыптасу және өршу сипатын зерттеу қала құрылысын жоспарлау және
абаттандырумен байланысты шиеленістерді тиімді басқару бойынша
ұсыныстарды әзірлеуге ықпал ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік
берді. Экологиялық қақтығыстардың дамуын диагностикалау әдістемесі
әзірленді, ол наразылық қозғалысының пайда болуын ерте кезеңде
диагностикалауға мүмкіндік береді.
Тұрақты даму контекстінде қабылданатын шаралардың тиімділігін
бағалауды ескере отырып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін
бағалаудың негізгі тәсілдері бойынша ұсынымдар әзірленді, ол бірнеше
мемлекеттік органдардың көрсеткіштерге мониторинг жүргізуін талап ететін
экологиялық денсаулық пен экожүйелердің өміршеңдігінің кешенді
индикаторынан құралуы тиіс.
Экожүйелік тәсілді имплементациялау партисипаторлық (бірлескен)
тәсілді қолдануды көздейді. Автордың қоғамдастықтың қызметі мен дамуына
тікелей қатысуы, біріншіден, мүдделерді, бастамашыл топты түсінуге және
бөлуге, екіншіден, экожүйенің құндылығы туралы ақпарат алмасу арқылы
экожүйелік білімнің таралуы мен дамуына ықпал етуге, үшіншіден, серіктестік
орнатудың негізгі принциптерін-жауапкершілікті, шығындар мен пайданы
бөлуге негізделген өзара сыйластық қатынастарды анықтауға мүмкіндік берді,
барлық серіктестерді қанағаттандыратын нәтижелерге әкеледі.