Page 2 - Документ
P. 2
ҚР Үкіметінің құрамында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс – қимыл жөніндегі
уәкілетті орган-Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (МАМ)
айқындалды. ҮЕҰ мәселелері осы министрліктің азаматтық қоғам істері комитетінің
құзыретіне тікелей кіреді.
ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру жөніндегі МАМ жұмысының
мазмұны, ең алдымен, қоғамның сұраныстарына және саланың қазіргі қажеттіліктеріне
бағытталған. Қазіргі уақытта ҮЕҰ саласындағы жұмысты жеке сала ретінде
қарастыруға болады. Бұл салада әлеуметтік-экономикалық дамудың кең ауқымды
мәселелерін шешумен айналысатын көптеген субъектілер бар. Жеке статистика,
жұмыспен қамтуды есепке алу жүргізіледі, үкіметтік емес сектор субъектілерінің
өздері туралы ғана емес, сонымен қатар ҮЕҰ-ның барлық жобалары, олардың жұмыс
мазмұны, сектор пайдаланатын атаулы топтар, жеке және мемлекеттік инвестициялар
туралы жария ақпаратты жинауға және ұсынуға арналған, секторға арнайы
бағдарланған ҮЕҰ дерекқоры жұмыс істейді.
Азаматтық форум аясында мемлекеттің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын жетілдіру
бойынша көптеген ұсыныстар әзірленді. Бұл, атап айтқанда, гранттық қаржыландыру
жүйесін енгізуге қатысты. Басқа мәселелер ҮЕҰ үшін арнайы диалог алаңдарында
пысықталды. Атап айтқанда, МАМ жанынан ҮЕҰ — мен өзара іс-қимыл жөніндегі
үйлестіру кеңесі, Сыртқы істер министрлігі жанынан Адам құқықтары мәселелері
жөніндегі консультативтік-кеңесші орган жұмыс істейді. ҮЕҰ-мен байланыс арналары
жеткілікті тиімді жолға қойылған және секторды дамытудың барлық маңызды
мәселелері институционалдық реформаларда көрініс тапты.
Сонымен қатар, Қазақстанда, өкінішке орай, мемлекеттің ҮЕҰ-мен өзара іс-
қимылы, олардың қызметіне көмек көрсету және қолдау мәселелері бойынша ғылыми
зерттеулер жеткіліксіз жүргізілуде. Атап айтқанда, үкіметтік емес ұйымдарды
қаржыландырудың цифрлық платформасы әзірленбеген, ҮЕҰ электрондық есебі мен
дерекқорын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдалмаған, мемлекеттік
органдар мен ҮЕҰ-ның кері байланысын қамтамасыз ету бойынша ғылыми-
әдістемелік ұсынымдар жоқ. Қарастырылып отырған салада шешілмеген мәселелер
мен сұрақтардың көп болуы біз таңдаған диссертациялық зерттеу тақырыбының
өзектілігін көрсетеді.
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Осы диссертациялық зерттеуде батыстық
ғалымдардың азаматтық қоғамды дамыту және мемлекеттің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы
мәселелеріне арналған еңбектері де пайдалы болды: A. Эбрахим, М.Уорф, Т. Улф, Б.
Хопкинс, Дж. От, М. Тширхарт, В.Билефельд, Дэвид О. Ренц, Дж. Най, Р. Кохейн, М.
Кастельс және басқалар. Бұл ғылыми әдебиет батыс елдерінде және Қазақстанда
мемлекеттік қолдауды салыстырмалы талдау кезінде, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тетігін трансформациялау
жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу кезінде пайдалы болып шықты.
Қазақстанда мемлекеттің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын дамыту проблематикасы
көптеген қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қарастырылады, олардың
ішінде мынадай авторларды ерекше атап өткен жөн: Н. Балтабайқызы, А.Исмаилов, А.
Ж. Садықов, Э. С. Сатыбекова және басқалар.
Ресейлік ғалымдардың ішінде қарастырылып отырған мәселені зерттеуге үлкен
үлес қосқан келесі авторларды атап өтуге болады: Р. А. Құрбанов, О. В. Шведкова, А.
М. Белялова, А. В. Нечкин, В. В. Руденко және т. б.
Айтылғандардың негізінде, Қазақстанда ҮЕҰ-ны азаматтық қоғам алдындағы
әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге тарту бойынша мемлекеттік органдар