Page 4 - Документ
P. 4

практикалық ұсыныстарды әзірлеуге және мемлекеттің Қазақстандағы үкіметтік емес
               ұйымдармен  ынтымақтастығын  одан  әрі  жетілдіру  үшін  олардың  орындылығын
               негіздеуге мүмкіндік берді.
                      Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы  диссертацияда  мемлекет  және  ҮЕҰ
               арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға байланысты Қазақстандағы және
               шетелдегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жалпылау мен кең ауқымды мәселелерді
               зерттеуге жүйелі, кешенді көзқарасты жүзеге асыруында:
                        бизнес-процестерді цифрландыру арқылы гранттық қаржыландыру процесін
               цифрландыру  бойынша  ұсыныстар  әзірленді  және  Қазақстан  заңнамасына  сәйкес
               өзгерістерді енгізу ұсынылды;
                        ҮЕҰ есептерін ұсыну үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін
               интеграциялау, мысалы: ҮЕҰ дерекқоры, Мәдениет және ақпарат министрлігіне жыл
               сайынғы  есеп,  Стратегиялық  жоспарлау  және  реформалар  агенттігінің  Ұлттық
               статистика  бюросына  статистикалық  есеп  және  Қаржы  министрлігінің  Мемлекеттік
               кірістер  комитетіне  100  нысан  бойынша  салық  есебін  оңтайландыру              және  ҮЕҰ
               дерекқорына берілетін есепті цифрландыру бойынша ұсыныстар әзірленді.
                        мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен кері байланысты
               қамтамасыз  ету  бойынша  нұсқаулық  пен  іс-қимыл  алгоритмі  және  стратегиялық
               жоспарлау модельдері ұсынылды.
                        елдегі  ҮЕҰ  қызметін  реттейтін  заңдарға  «миссия»  термінін  енгізу
               ұсынылды.
                        Мемлекеттік  органның  жеке  және  заңды  тұлғалармен  өзара  іс-қимылын
               операциялық  бағалау  әдістемесінің  «Ашық  диалог»  өлшемі  бойынша  орталық
               мемлекеттік  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  есептік  деректерінде  4-тармақ
               «Халықпен  кездесулер»  бөлімінде  ҮЕҰ  қолдауға  бөлген  қаражат  пен  мемлекеттік
               органдардағы  қоғамдық  кеңестердің  нормативтік  құқықтық  актілерге  берген
               ұсыныстарын ескеру санын есептеу жөнінде критерийлері ұсынылды.
                      Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар (зерттеудің әрбір параграфының
               қысқаша мәні):
                      1.  Мемлекет  арасындағы  өзара  іс-қимыл  тетігін  трансформациялауды  зерттеу
               нәтижелері бойынша мемлекеттік гранттарды пайдалану кезінде мемлекеттік органдар
               мен ҮЕҰ қызметінің ашықтығын арттыру үшін цифрлық ақпараттық жүйені әзірлеу
               қажеттілігі анықталады.
                      Заңнаманың дәйектілігін қамтамасыз ету және «ҮЕҰ дерекқорында» ҮЕҰ есеп
               беру қызметін цифрландыру шеңберінде заңға тәуелді актілерде қағаз жеткізгіштегі
               есептерді алып тастау және есептілікті ҮЕҰ өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
               арқылы жіберу ұсынылады.
                      2.  ҮЕҰ  есептік  қызметін  оңтайландыруды  қамтамасыз  ету  және  мемлекеттік
               аппаратты  дебюрократизациялау  мақсатында  Әділет  министрлігінің  «заңды
               тұлғалардың  мемлекеттік  дерекқоры»,  Мемлекеттік  кірістер  комитетінің  «салық
               төлеуші  кабинеті»,  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің  «ҮЕҰ  дерекқоры»,  Ішкі
               істер министрлігінің «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі» сияқты ақпараттық
               жүйелерді интеграциялау ұсынылады.
                      3.  Заманауи  тұжырымдамалардың  негізінде  ҮЕҰ  қызмет  саласы  олардың
               миссиясы  сәйкес  келуі  мен  ҮЕҰ  процестерін  стратегиялық  жоспарлау  жүргізілуі
               қажеттігі,  сондай-ақ  мемлекеттің  сол  елді  дамыту  бойынша  жүргізетін  саясатымен
               сабақтастықта болу қажеттілігі анықталды. Осы ретте, мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара
               іс-қимыл алгоритмі мен ҮЕҰ стратегиялық жоспарлау модельдері ұсынылады.
   1   2   3   4   5   6